Өңір полицейлері 10 күнде 100-ден астам отбасылық жанжалқойды жауапқа тартты. Елімізде 25 қарашадан бастап «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» акциясы өтіп жатыр. Облыстық полиция ведомствосы баспасөз қызметінің материалына назар аударайық.
Жергілікті полиция қызметкерлері «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» акциясы аясында түрлі алдын алу және құқықтық түсіндіру іс-шаралары жүргізіп жатыр. Тәртіп сақшылары адамдарға заңнамадағы өзгерістер, ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін жауапкершілік туралы айтып түсіндіреді.
Ерлан Ноғұрбеков - № 14 учаскелік полиция пунктінің учаскелік инспекторы:
- 16 маусымда заңнамаға енген өзгерістерге сәйкес жаза қатаңдатылды, яғни енді жанжалқой жасаған құқық бұзушылық үшін 40 тәулікке дейін қамауға алынады немесе түзету жұмыстарына тартылады.
Азаматтардың шақыруларына ден қою бойынша күнделікті жұмыс жалғасқан. Орта есеппен облыс орталығында түнде әдепсіз сөзден денсаулыққа зиян келтіруге дейін баратын тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 2-3 шақыру түседі. Іс жүзінде мұндай фактілердің барлығы ішімдікті шамадан тыс пайдалану барысында жасалады.
Әсия Әбжанова - СҚО ПД ЖПҚ басқармасының аға инспекторы:
- Акция барысында отбасылық жанжалдарға қатысты 106 қорғау ұйғарымы шығарылды. Сондай-ақ сотпен құқық бұзушылардың мінез-құлқына 24 ерекше талап қойылды. Олардың барлығына - алкогольдік ішімдіктерді пайдалануға тыйым салынды.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес жұмысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.