Облыс орталығында жерлесіміз, КСРО спорт шебері Уәлихан Нұркеевті еске алуға арналған грек-рим, еркін және әйелдер күресінен жасөспірімдер арасында дәстүрлі турнир өтіп жатыр. Жас балуандардың жарысына Астана, Атбасар, Көкшетау қалаларынан және өңірімізден барлығы 500 спортшы қатысқан.

5 күнге шақталған турнирде 500-ге жуық жас балуан 10 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Жүлдегерлерге дипломдар, медальдар мен белбеулер табыс етіледі.

МАРАТ ӨТЕНОВ,ТУРНИРДЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ:

- Бүгін міне жарысымыз басталып жатыр. Бұл турнир дәстүрлі. Басты мақсат – балалардың тәжірибе жинауы. Себебі осындай сайыс арқылы шыңдалуға, қателіктерді түзеуге болады.

Жас балуандар шеберліктері мен жеңіске деген ерік-жігерін көрсету үстінде. Бозкілемге шыққандардың бірі – Ақжар ауданынан келген 9 жасар Ерасыл Кудияров. Алғашқы белдесуін ол жеңіспен аяқтады.

ЕРАСЫЛ КУДИЯРОВ,ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ:

- Мен 4 сыныпта оқимын. Грек-рим күресімен айналысамын. Мен қәзір өз қарсыласымды жеңдім.

Бұл турнир Уәлихан Нұркеевті еске алуға арналған. Ол өзінің спорттық мансабында жастар мен ересектер арасында Қазақстан чемпионы атанды, грек-рим күресінен Бүкілодақтық турнирдің жеңімпазы болды.