2024 жылдың қаңтар-қараша айларында Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне тарифтерді бекіту, инвестициялық бағдарламаларды, тарифтік сметаларды өзгертуге қатысты 132 өтінім келіп түсті. Оның 52-і бекітілсе, 65-і қараудан бас тартылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде айтылды.
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті 57 табиғи монополия субъектісінің қызметін реттейді. Оның 38-і су кәріз жүйесі саласы, 2-еуі электр энергетикасы, 21-і жылумен жабдықтау болса, 11-і кірме жолдар саласында. Биылғы жылға арналған «Инвестицияларға айырбастау тарифі" тарифтік саясатын іске асыру аясында ведомство 2,6 млрд теңгеден астам соманы инвестициялық бағдарламасын қайта түзетті.
ДАМИР ТОҚТАМЫСОВ, ҚР ҰЭМ ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ КОМИТЕТІ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
- Мәселен, 2024-2025 жылдарға арналған қосымша инвестициялық салымдарды ескере отырып, жылумен жабдықтау саласына 8 834 801 мың теңге инвестицияланады. Оның ішінде, "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ –қа 7 109 265 мың теңге. Оның 2 859 000 мың теңгесі биылғы жылға болса, 4 млнна астамы келесі жылға. "Петропавл Жылу Желілері" ЖШС-не 1 725 536 мың теңге. 2024 жылы 816 563 мың , 2025 жылы 908 973 мың теңге.