Елімізде тізімнен шығарылған мәслихаттар депутаттарын сайлауы өтті. Желтоқсанның екінші жексенбісіне бекітілген сайлау Алматыдан басқа барлық аймақтарда өткізілді. Облыстағы Петропавл қалалық мәслихатының №5 бірмандаттық аумақтық сайлауына 3 кандидат ұсынылған.
Петропавлдағы №662 сайлау учаскесі сағат 7.00-де өз жұмысын бастап кетті. Сайлаудың ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін әр учаскеде сайлау комиссиялары белсенді жұмыс атқарды.
ЖАНДОС БАЗАРБАЕВ, КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫ:
- Біздің комиссия штаттық режимде жұмысын бастап жатыр. Әзірше сайлаушылардың белсенділігі шамалылау. Қазір 10-нан кейін басталады.Кешкі сағат 20.00-де аяқталады. Содан кейін есептейміз дауыстарды.
Сайлаушылар өздерінің азаматтық борышын өтеу үшін тиісті учаскелерге келіп, дауыс берді. Солардың бірі – Петропавл тұрғыны Жұмаш Құсайынов.
ЖҰМАШ ҚҰСАЙЫНОВ, ЗЕЙНЕТКЕР:
- Осы сайлау 70-тен асып келе жатырмыз. Халық үшін сайлайық деп. Үкіметке кішкене жағалыс болсын. Халыққа дұрыс қарасын. Халықтың жағдайын қарасын. Тамақтың бағасын түсірсін. Коммунальный хозяйстваның бағасын түсірсін. Депутат болғасын кісілерге қарасын. Сол үшін келіп отырмыз ғой.
№662 сайлау учаскесіне 1,5 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Олардың 40 пайыздан астамы келіп өз таңдауын жасаған. Естеріңізге салайық, мәслихат депутаттары бес жылға сайланады.