Мектеп түлектеріне болашақ мамандықты таңдауда қателеспеу керек. Бұл мәселені шешу мақсатында Жұмағали Тілеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінің оқытушылары мен студенттері мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырды. Мұндай іс-шаралар 36 оқу орнында өткізілген. Осындай кездесулердің бірі №17 ұлттық жаңғыру мамандандырылған мектеп-кешенінде өтті.
Медицина колледжінің студенттері мен оқытушылары мектеп оқушыларына манекен арқылы алғашқы медициналық көмектің жасалу әдісін көрсетті. Бұл қауіпті жағдай туындаған шақта маңызды, қажет дағдылардың бірі. Сондай-ақ, балаларға осы оқу орнына түсу кезінде таңдауға болатын мамандықтар туралы ақпарат берілді. Оған мейірбикелік, акушерлік іс, зертханалық диагностика фармация және стоматология мамандықтары жатады.
БАҚЫТГҮЛ ҚАЛИЕВА, КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ МАМАНЫ:
- Біз балаларға мектепте сүйікті мамандығын таңдауға көмектесуіміз қажет. Бұл әртүрлі тестілік жұмыстар, диагностикалық жұмыстар аламыз. Одан кейін оқушылармен тақырыптық вебинарлар, дөңгелек үстелдер, тренинг сабақтарын өткіземіз. Сонымен қатар, жыл бойына университет, колледждармен тығыз байланыста боламыз. Аталған мекеме мамандары мектебімізге келіп, оқушылармен жұмыстарын жүргізеді.
Айта кету керек, № 17 ұлттық жаңғыру мектеп-кешеніндегі кәсіптік бағдар беру жұмысы ұдайы жоғары деңгейде өтіп жүр. Бұл қызығушылық танытқан баламен жеке консультация, қосымша сабақтар жүргізу. Мұның бәрі мамандықты дұрыс таңдауға ықпал етеді. Кездесуде жоғары сынып оқушылары денсаулық сақтау саласындағы жұмыстың барлық артықшылықтарын бағалай алды.
САЛИХ СЕЙІЛХАН, №17 ҰЛТТЫҚ ЖАҢҒЫРУ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-КЕШЕНІНІҢ ОҚУШЫСЫ:
- Мұндай кәсіптік бағдарлау жұмыстары жүргізіліп жатқаны маңызды деп санаймын. Олар жастарға мамандық таңдауға көмектеседі. Осы іс-шарадан кейін бір шешімге келіп, мүмкін осы медициналық мамандықты таңдаймын.
Кәсіптік бағдар беру жұмыстары ӘЛІ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ.. Жақында МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ облыс аудандарына шығуДЫ жоспарлаған. Бүгінгі таңда 2 мыңнан астам оқушыны қамтитын іс-шаралар өткізілді.