Биылғы жаңа эпидемиялық маусымда ЖРВИ-дің 29 549 жағдайы тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ауырғандар саны төмен. Науқастардың басым бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелген. Десек те өткен аптада сырқаттанғандар саны 10 пайызға артып, 4,5 мыңға жуық адам ауырған. Бұдан бөлек өңірде «шошқа тұмауын» жұқтырудың екі жағжайы тіркелді. Сырқаттанғандардың бірі – мектеп оқушысы, екіншісі – әскери қызметші. Екеуі де ауруханада ем алып жатыр. Олардың тұмауға қарсы екпе алмағаны анықталды. Сондай-ақ, облыста басқа вирустық респираторлық инфекциялар таралып жатыр. Айта кетейік, маусымдық тұмау жоғары температураның кенеттен пайда болуы, жөтел , бас, бұлшықет пен буын ауруы, қатты әлсіздік және тамақ ауруымен сипатталады. Бұны алдын алудың бірден бір әдісі-вакцинация.