Петропавл қаласы мен 10 ауданда 17 округ бойынша түрлі деңгейдегі мәслихатқа депутаттар сайланды. Дауыс беру күні барлығы 68 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Облыс орталығының өзінде дауыс беруге 3 мыңға жуық аадм қатысты. Ақжар ауданында – 690, Аққайың ауданында-634, Жамбыл ауданында-739, М.Жұмабаев ауданында-1100, Қызылжар ауданында-1453, Ғ. Мүсіреповте - 1395, Тайыншада - 1359, Тимирязев ауданында 602, Уәлиханов ауданында 477 сайлаушы, ал Шал ақында 767 тұрғын дауыс берген.

Сайлау қорытындысы бойынша Петропавл қалалық мәслихатының депутаты болып Тимур Жұманов сайланды. Олег Сватко Ақжар аудандық мәслихатының, Аққайың ауданы бойынша Сәуле Аманжолова, Жамбыл ауданында Қанат Қостанов болса, Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатына Әлібек Сапаров сайланды. Сондай-ақ айлаушылардың дауысын көп жинап, Қызылжар аудандық мәслихат депутаты болып Расул Дадашов, Ғ. Мүсіреповте Көгершін Минашева. Тайынша ауданында Николай Трифонов, Тимирязевте-Әсем Мырзалина, Уәлиханов ауданында Асқар Шаткенов сайланса, Шал ақын аудандық мәслихат депутаттарының қатарын Бақыт Қабенов толықтырды.