Аққайың ауданында ауыл шаруашылығы ҚЫзМЕТКЕРЛЕРІ күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Аудан әкімі Жанар Құсайын осы саланың үздіктеріне төс белгілер мен құрмет грамоталарын табыс етті. Жалпы 55 адам құрметке ие болды.
Ауыл шаруашылығы-Қазақстан экономикасының ең қуатты салаларының бірі. Фермерлердің арқасында жыл сайын бюджет 30 пайызға толығып отырады. Сондай-ақ күн сайын тұрғындарды жаңа піскен нан, ет, сүт, май, қаймақ, көкөністермен қамтып отыр. Қажырлы еңбектері үшін сала мамандарын Аққайың ауданының әкімі Жанар Құсайын марапаттады.
Виктор Малаев, «Лидер» фермерлік шаруашылығының директоры. Ол ауыл шаруашылығында 1993 жылдан бері еңбек етіп келеді. Бүгін төсіне "Еңбек ардагері" медалі тағылды.
ИЛЬДАР БИКМАМАТОВ, IТ МАМАНЫ:
- Шаруашылықта 1500 га жеріміз бар. Жыл сайын жақсы өнім алу үшін тынбай еңбек етеміз. Біз өз жұмысымызды мақтан тұтамыз. Және ең бастысы осы жерде жұмыс істейтін барлық адам нәтижеге риза. Биыл жақсы өнім алдық. Біз үшін жемісті жыл болды. Гектарына 30 центнер өнім бар.
Аққайың ауданында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржылай қолдауға көп көңіл бөлінеді. Аграрлық несие корпорациясының жаңа бағдарламаларының бірі – «Кең дала 2». Осы арқылы қаржы ресурстарын жеке капитал нарығынан қаржыландыруға болады.Осылайша фермерлерге де тиісті жағдай жасалады.
ВАДИМ ЛОСИНСКИЙ, «АҚҚАЙЫҢ» КРЕДИТТІК СЕРІКТЕСТІГІ” ЖШС БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:
- Жаңа бағдарлама сәтті басталды. Қазір қаржыландыру жүріп жатыр, және өтінімдер қабылдану үстінде. "Аққайын" кредиттік серіктестігі арқылы жылына 3,5% - бен қаржыландырылады. Қазір 530 млн. сомаға үш өтінім мақұлданды және қаржыландырылды. Жалпы алғанда қазір 12 жоба 1 млрд 200 млн.теңге сомасына қаралған.
Мерекеге орай тауар өндірушілер өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ облыстық филормония әртістерінің концерты ұсынылды.