Бескол ауылындағы «Парасат» мектеп лицейінде «Ою-өрнек -ұлттық мұрамыз» атты іс-шара өтті. Жиынға облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы Әжелер мектебінің мүшелері, ардагер ұстаздар мен мектеп оқушылары қатысты.

Қазақтың ұлттық ою-өрнегі — ұлттық болмысымызды айқындайтын төл өнер. Бұрын қазақ әйелдері киім-кешек пен көрпе-жастық, түскиіз бен дастархан, тағы да басқа бұйымдардың барлығын қолмен тіккен. Әсіресе, қолөнер бұйымдарын жасауда қазақ әйелдерінің тігін-тігіс өнері ерекше болды. Ұлттық оюларымыздың да өзіне тән тарихы бар.

ШӘРБАН ТАЙМУЛЛИНА, ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

-Бізге қойылған мақсат осы ұлттық мұрамызды жас ұрпаққа көрсеті, тарату, ұмытылып қалмасын.

Парасат мектеп-лицейінде қолөнер үйірмесі бар. Бұған 30-ға жуық бала қатысады. Үйірмеде кесте тігу, қолөнер бұйымдарын жасау сынды ұлттық дәстүрлерімізден сабақ өтеді.

АЙНҰР ТЕЛЬТАЕВА «КӨРКЕМ ЕҢБЕК» ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ

-Бос уақыттарында әртүрлі тоқыма жұмыстарымен, тігін, киім тігу, қалдық заттардан бұйым жасауды үйретіп жүрмін. 

Сондай-ақ жиынға қатысушы шеберлер өздерінің қолөнер үлгілерін көрсетіп, шеберлік сағаттарын өткізді.