Биыл Есіл ауданында халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын және көпбалалы отбасылар үшін 20 баспана салынды. Осыған дейін Өрнек, Торанғұл және Явленка ауылдарының тұрғындарына 14 үйдің кілті табысталған еді. Ал, бүгін Қарағаш ауылындағы 3 үйелмен қоныс тойын тойлап, шат-шадыман болды.

Жаңа баспанаға ие болғандардың бірі – көпбалалы Үтәлиевтер отбасы. Ерлі зайыптының бес қызы бар. Кілт табыстау рәсімінде ауыл тұрғындары мен Есіл ауданының әкімі болып,жүрекжарды тілектерін айтты. Сондай-ақ, мердігерлер де қатысып, үйлердің сапасына кепілдік берді.

- Үй берекеге, бақытқа толсын. Баспана сапалы құрылыс материалдардан жасалған. Үйдің іші таза, жылы. Қоныс тойларыңыз құтты болсын.

Ал қалған 3 үй келесі аптада Явленка ауылының тұрғындарына тапсырылады. Жалпы, Есіл ауданында барлығы 51 ауыл бар. 21 мыңнан астам халық тұрады.

 МЕРЕКЕ МҰХАМЕДИЯРОВ, ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- 28–інде ғана мектеп бар. Сондықтан бар ауылдар жабылып қалмасын деп, барлық қолымыздан келгенді жасап жатырмыз. Биыл Қарағаш елінің барлық көшелерінде асфвальт төселінді. Мектеп толық күрделі жөндеуден өтті. Бүгінде су беру құбырларын қойып жатырмыз. Елімізде жақсы жобалар бар. Бұның бәрі халық үшін істеліп жатыр ғой. Мемлекет басшысына ризалығымызды білдіреміз.

Аудан әкімі Мереке Мұхамедияровтың сөзінше, келесі жылы халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын және көпбалалы отбасыларға арналып тағы 30 үй салынады.