Облыста жыл сайын автомобиль жолдарын жөндеу аясында кем дегенде 700 шақырым жол қамтылады. Ал, биыл барлығы 1 мың шақырымнан астам жол жөнделген. Оның ішінде 208 км - республикалық, 630-ы – жергілікті, ал қалған 163 километрі – ауылішілік жолдар. Осы және басқа да іске асырылған жобалар туралы өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов орталық коммуникациялық қызметінде айтты.

4 жыл ішінде Петропавлдағы барлық көшелерге асфальт төселмек. Ал, биыл облыс орталығының 57 көшесінде жөндеу жұмысы жүргізілген. Оның 39-ы алғаш рет асфальттелген. Және өңір басшысы өз сөзінде облыста 2025 жылға дейін спортпен шұғылданушы адамдардың саны 50 пайызға дейін артатынын айтты.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Осы мақсатты жүзеге асыру үшін облыс аудандарында 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 2 жабық хоккей корты және тренажер залы бар жабық жүзу бассейні салынуда. Петропавлда «Алаң» бағдарламасы бойынша. футбол алаңы жаңартылды. Итальяндық өндірістің 5-ші буынының жасанды көгалы төселді. УЕФА стандарттары бойынша «Қарасай» стадионын қайта құрудың екінші кезеңі жалғасуда.

Биыл 16 мәдени нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Облыс орталығында осы жылы «Ботай –АРТ» галереясы және «креатив орталығы» ашылып, қолданысқа берілді. Туризм саласын дамыту да қолға алынған. Жалпы, өңірде барлығы 4 мыңға жуық демалушыға арналған 46 демалыс базасы бар.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Шалқар және Имантау көлдерінде 2 су-құтқару бекетін саламыз. Бүгінде курорттық аймақ ішіндегі жолдар жөнделіп ретке келтірілді. Лобанов ауылы мен Ақмола облысынң шекарасына дейінгі жолдарға асфальт төселінді.

Сондай-ақ, биыл су тасқының алдын алу мақсатында Петропавл және Қызылжар ауданында биіктігі 7 метрге жететін 8 қорғаныс бөгет нығайтылды. Бұл мақсатқа 158 техника жұмылдырылып, 1,5 млн тонна инертті материал қолданылды.