Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шал Ақын ауданының әкімі өткен 10 айды қорытындылады. Қайрат Омаровтың айтуынша, биыл аудан бюджеті 6 млрд. теңгені құрады. Халықтың орташа айлық жалақысы былтырғыдан 10%-ға артып, 258 мың теңгеге жетіп отыр. Ал салық 17% ұлғайтылған. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласында 43,2 млрд теңгенің өнімі шығарылған.
Осы жылдың қаңтар-қазан айларында аудандағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 4,9 млрд теңгеге жетті. Биыл қуаты сағатына 50 мың тонна болатын «Гранит Север» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің асфальтбетон зауыты пайдалануга берілді. Іске қосылғаннан бері 68 мың тонна асфальт өндірілген. Құрылыс жұмыстарының көлемі 5 млрд теңгені құрады. Бүгінгі таңда ауданда 18 мыңға жуық адам тұрады. Жыл басынан бері 1277 адам жұмыспен қамтылған. Ал 1 қарашадағы жағдай бойынша ауданда 473 жұмыссыз тіркелген, 238 адам мансаптық орталықта есепте тұр.
ҚАЙРАТ ОМАРОВ, ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Біздің ауданда бірқатар мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылУДА.ып жатыр. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы аясында БИЫЛ 31 млн тенгеден астам сомаға 21 грант берілді. Субсидияланатын жұмыс орындарына 288 адам жұмысқа орналастырылды. 14 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтті. 5 оқуын жалғастырып жатыр.