"Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні" акциясы аясында полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп әйелдерге арналған өзін-өзі қорғау бойынша шеберлік сағатын ұйымдастырды.

"Динамо" дене шынықтыру спорт қоғамының базасында Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының қызметкерлері мен Бүкілқазақстандық кекушинкай каратэ ұйымы облыстық филиалының әйелдер жаттықтырушылар құрамы өзін-өзі қорғаудың базалық тәсілдерін көрсетіп, жанжалды жағдайлардан қалай аулақ болу керектігін айтып берді.

Сания Жақан — «Бүкілқазақстандық кёкушинкай карате ұйымы» РҚБ СҚОФ жаттықтырушы-нұсқаушысы:

-Біздің кекушинкай карате спорт түрінен амал тәсілдерді қолданамыз, сондай-ақ лақтыру, қорғану, шабуылдарға тосқауыл болу элементтерін қосамыз.

Шеберлік сабағына 40 — қа жуық әйел мен қыз-келіншектер, қоғам қайраткерлері мен жастар ресурстық орталығының өкілдері жиналды.Олар көбінесе отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша полиция рейдтеріне жиі қатысады.

Елена Семидоцких - ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі:

- Бүгін «16 күн..» акциясы аясында жергілікті полиция қызметі бөлімі СҚО әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиямен бірлесіп әйелдер үшін өзін-өзі қорғау бойынша шеберлік сыныбын өткізеді. Біз қазір үйлесімді қоғам құрып жатырмыз және әйелдер өздерін кез келген жерде сенімді және қауіпсіз сезінулерін қалаймыз.

Полиция қызметкерлері осы сабақтардан кейін қатысушылар өздерін сенімді сезініп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге де қауіпсіздіктері жөнінде кеңес бере алады деген сенімді.

Әсем Ілиясова - Петропавл қаласы ЖПҚ бөлімінің аға инспекторы:

- Қазіргі уақыттағы мәліметтерге сәйкес, әйелдер күнделікті тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Оның ішінде дене жарақаттары мен ұрып-соғу фактілері де кездеседі. Бұл дәрістен алған дағдылар қажет болған жағдайда пайдалы болады деп үміттенеміз.

Тәртіп сақшылары жанжал орын алған жағдайларда ең бастысы — қақтығысты шиеленістірмей, жанжалқойдан не ғұрлым қашық болуға, адамдар көп жиналатын, жақсы жарықтандырылған жерге баруға тырысуға және мүмкіндігінше тезірек "102" телефоны арқылы, қоғамдық жерде орнатылған "SOS" батырмасының көмегімен немесе "102"мобильді қосымшасы арқылы полицияға хабарласу керек екенін ескертеді.