5 желтоқсан бүкіл әлемде атап өтілетін Халықаралық ВОЛонтерлер күніне орай облыстық креативті орталықта Мистер және Мисс волонтер атты байқау өтті. Іс-шараны волонтерлік фронт-кеңсе мен қоғамдық даму және ақпарат орталығы бірігіп ұйымдастырды. Байқауға 15 ерікті қатысты.

Бұл сайысқа қатысуға 31 өтінім түсіп, оның ішінен 14 жас іріктеуден өтті. 4 кезеңнен өткен байқауға колледждердің жастары да қатысып бақ сынады. Саяжан Калиева - 4 курс студенті. Волонтер болып жүргеніне 6 жыл.

САЯЖАН КАЛИЕВА,ВОЛОНТЕР:

- Мен Мағжан Жұмабаева атындағы жоғарғы колледж студентімін. 4 курста оқимын. Мамандығым бастауыш сынып мұғалімі. 6 жыл болды волонтерлікпен айналысып жатқаныма. Волонтерство мен ушин мамандық болып саналады.Бір колледждің еріктілерімен бірге әр түсрлі мекемелерге барамыз, ол қариялар үйі, балалар үйі, ерекше жандарға көмектесеміз. Су тасқыны кезінде біз М. Жұмабаев колледжінің студенттері үлкен үлес қостық. Гуманитарлық көмекті таратып

Еріктілер үнемі игі бастамалардың көшбасында. Жыл бойы олар көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, қоғамдық жұмыстарға БЕЛСЕНЕ араласады.

АНАСТАСИЯ ВОЛКОВА ,СҚО БОЙЫНША "BIRGEMIZ" ВОЛОНТЕРЛІК ФРОНТ-КЕҢСЕНІҢ БАСШЫСЫ:

- Облыстың волонтерлік фронт-кеңсесі бүгін осындай «ВОЛОНТЕР МЫРЗА МЕН ХАНЫМ-2024» байқауын ұйымдастырды. Қатысуға өтінім білдіргендер көп болды, солардың жартысын, 15 адамды іріктеу кезеңі арқылы таңдап алдық.

Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған волонтерлер ақшалай жүлделерге ие болды. Ал қалған қатысушылар арнайы дипломдармен марапатталды.