Петропавлдағы креативті орталықта 7-ші желтоқсанға дейін қайырымдылық фотокөрмесі өтіп жатыр. Кейіпкерлер облыс орталығындағы панажайда тұрып жатқан иесіз ит-мысықтар. Ерекше суреттерді жергілікті фотографтар түсірген. Жоба биыл 2 рет өткізіліп жатыр. Көрмеге 40-тан аса фото қойылды.

Қайырымдылық көрмесінің авторлары - фотографтар Станислав Иванов пен Евгений Некрошевич. Олар иесіз ит-мысықтарға арналған Андрей Исаковтың заманауи кешенінде болып, фотоға түсірген. Бұл суреттерді көрмеге қою арқылы адамдарға үй жануарына жауапкершілікпен қарауды көрсеткісі келген. Фотоны сатып алуға болады. Қайырымдылықтан түскен қаражат иесіз қалған ит-мысықтардың қажетіне жұмсалмақ.

АЛИНА УШАКОВАКӨРМЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

- Бұл 2-ші жоба. Жануарларға қатыгездік көрсету, иесіз қалып, көше кезген ит-мысық жайлы мәселе қозғап отырмыз. Өйткені менің ойымша, бей-жай қарамайтын кез келген адамға бұл тақырып жақын және балаларды дұрыс тәрбиелеуге ой салады. Өйткені көп жағдайда балалар үй жануарларына қатегездік көрсетеді. Егер ата-аналар олармен жұмыс істесе, ұруға-соғуға болмайды деп айтса, мұндай жайттар болмайды деп ойлаймын. Бұл ІС-шараны сол үшін де ұйымдастырып отырмыз.