УәлиханОВ ауданының диқандары күзде 147 мың тонна астық түсті. Алқаптарға 15 мың тоннадан астам минералды тыңайтқыш енгізілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға артық. 1 млрд. теңгеге 103 ауыл шаруашылығы техникасысатып алыдны. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында әкім Мұрат Абдулов Уәлиханов ауданының 10-айдағы даму қорытындысымен бөлісті.

Ауданның көлік инфрақұрлымы саласында жалпы құны 1,5 миллиард теңғгеден астам 9 жоба жүзеге асырылып жатыр. Ауылішілік жолдарды жөнге келтіруге 1 млдр. Теңгеге жуық қаржы бөлінді. Аудандық жолдарды жөндеуге 567 млн бөлінді, Олар:

МҰРАТ АБДУЛОВ – УӘЛИХАНов АУДАНЫның ӘКІМІ:

- Ұзындығы 35,2 км «Үндіріс-Жұмысшы-Мырзағұл» аудандық маңызы бар жолда орташа жөндеу жұмысы жүргізілу үстінде. Биыл жобаны аяқтаға 120 миллион теңге бөлінген. Нәтижесінде 18 су өткізгіш құбыр, 197 жол белгісі және 146 металл сигналдық бағаналар орнатылды. Сонымен қатар, ұзындығы 48 км «Көктерек-Тоспа-Жасқайрат- Қайрат» аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеуге 554 миллион теңге бөлінген. Мердігер ұйым-«Оңтүстік Ғимарат Құрылыс Компаниясы» ЖШС. Қондыбай ауылының 2 шақырымдық кіреберіс жолына орташа жөндеу жұмыстары жүогізіліп, 99 миллион теңгеге келісім-шарт жасалды, биыл 47 миллион теңге бөлінді.