ҚР Премьер-министрінің орынбасары облыс орталығындағы креатив орталығының жұмысымен танысты. Тамара Дүйсенова кретив ортылығында жастармен кездесті, орталықтың жоспарын біліп, алдағы уақыттағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Петропавл қаласында жуырда креатив орталығы ашылды. Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында, бұл орталықтың жұмысымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова мен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовпен атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Нұргүл Болатова орталықтың артықшылықтары жайлы баяндады.

НҰРГҮЛ БОЛАТОВА, «QYZYLJAR CREATIVE CENTER» КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Біздің орталық жақында ашылды. Қазір біз резиденттерді жинау кезеңінде резиденттік жүйе бойынша жұмыс істейтін боламыз. Бұл деген шығармашылық индустриямен айналысатын жас, талантты жастар, өз қолдарымен немесе зияткерлік еңбекпен, шығармашылық орталықтың резиденті болуға өтініш бере алады дегенді білдіреді. Тиісінше, олар шығармашылық орталықтан орындарды пайдалану мүмкіндігін, тақырыптық бағыттар бойынша тегін оқу мүмкіндігіне ие бола алады. Біз мастер-класстарды өзіміз өткізумен қатар, басқа аймақтардан және жақын шетелден әртүрлі тақырыптар бойынша мамандарды шақырамыз.

Орталықта заманауи киім үлгілерін тігу студиясы да жұмыс жасап тұр. Бұл салада жетекшісі Айжан Колчинаның тәжірибесі өте мол. Ол 10 жылға жуық сән өндірісімен айналысып келеді. Болашақта халықаралық нарыққа шығуды жоспарлап отыр.

АЙЖАН КОЛЧИНА, КИІМ ДИЗАЙНЕРІ:

-Мұнда біз сәнге, фешен бағытына, фешен-зертханаға арналған 2 кабинетті ұсынамыз. Бізде 2 кабинет бар. Бір кабинет жобаларды жасауға, бұрмалауға, презентацияларға арналған. Міне, біз тұрған жерде біз ойлап табатын идеяларды жүзеге асыруға болады. Адамдар мен дизайнерлер еркін келе алады. Біздің шығармашылық орталықтың резиденті бола алады және өз бизнесін дамыту және оны монетизациялау үшін осы жерде бірнеше жобалар жасай алады.

Креатив орталығы Солтүстік Қазақстан жастарының идеяларын жүзеге асыру үшін жоғары бастама береді, деп атап өтті дизайнер. Айжан Колчина кесу және тігу бойынша авторлық курсты бастауды жоспарлап отыр. Ол өзінің жоспарлары туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасарына баяндады.

Орталықтың негізгі бағыттарына цифрлық технологиялар, медиа және digital, контент құру, сән, хореография және білім беру кіреді. Осы бағыттарда жұмыс істеу үшін барлық жағдайлар жасалған.

Бұл есту қабілеті бұзылған балалар қатысатын елдегі жалғыз ансамбльдің балаларының қойылымы. Би ұжымы бірнеше рет республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанған. Ансамбльдің негізін қалаушы және көркемдік жетекшісі Ольга Ростовщикова инклюзивті шығармашылықты дамытуды жоспарлап отыр.

ОЛЬГА РОСТОВЩИКОВА, «SENSITIVE» БИ АНСАМБЛІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

- Біздің балалар актерлік шеберлікті де, хареографиялық өнерді де үйрене алады. Бұр жерде есту қабілеті нашар балалар ғана емес, сонымен қатар зағип жандар, музыкалық аспаптарда ойнай алатын церебральды сал ауруы бар балалар да бар. Міне, адамдардың осы санатын көбірек дамытып қоғамға енгізгіміз келеді. Біздің шығармашылық орталығымыздың базасында осындай адамдарды осындай санатпен жұмыс істеуден қорықпайтындай етіп оқытқымыз келеді. Себебі, көптеген адамдар жанашырлық танытады және белгілі бір дәрежеде жұмыс істеуден қорқады. 18 жылдан соң мен өзімнің авторлық техникамды жасадым.

Премьер-Министрдің орынбасары Ольга Ростовщикованың жоспарларын қолдады. Тамара Дүйсенова Қазақстанда есту қабілеті бұзылған балаларға арналған халықаралық конкурс ұйымдастыруды ұсынды.

Елімізде бұл сыңды орталықтар бар. Бірақ «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесіп және мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша алғаш рет ашылған. Мәдениет вице-министрі келесі жылдың ортасына дейін шығармашылық хабтардың санын 20-ға дейін арттыруды жоспарлап отырғанын атап өтті. Олар тек облыс орталықтарында ғана емес, аудандық орталықтарда да салынатын болады деді.

Евгений Кочетов, ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі:

- Бұл креативті хаб, біздің еліміздегі «Самұрық Қазына» қорының қолдауымен іске асырылған алғашқы орталықтардың бірі. Біз осындай жұмысты басқа өңірлерде «Қазпошта» АҚ бірлесіп жүргізіп жатырмыз. Бірқатар өңірлерде ашатын боламыз. Жалпы келесі жылдың ортасына дейін осындай хабтардың санын 20-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бірақ біз тек облыс орталықтарымен ғана шектелмейміз.

Тамара Дүйсенова Солтүстік Қазақстан облысының креативті индустрия өкілдерімен де кездесіп жоспарлармен бөлісті. Мамандар шығармашылық саланы қолдауға бағытталған өз ұсыныстарын айтты.

Тамара Дүйсенова, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

- Креативті индустрия жөнінде мемлекет басшысының тапсырмасы бар. соған сәйкес өздеріңізге белгілі үкімет заң қабылдаған заң қазір парламентте каралып жатыр. енді сол заңның аясында өзгерістер болатыны жөнінде қазір біз жергілікті жерде осы салада жұмыс істейтін азаматтармен кездестік. СҚО ең жақсы бір ерекшелік креативті хаб құрылған. Олар жұмыс істеп жатыр. біз осы СҚО басқа облыстарға тарқату міселесін қарастырып жатырмыз бірінші, Бүгінгі маған көрген жаңағы проектердің барлығы мынау солтүстік өңірдің өзінің позициясын көрсететін өзінің бір фишкасын көрсететін жақсы проектер. Сондықтан да Біз облыстың осы саланы дамыту жөніндегі барлық ұсыныстарын қолдаймыз деп отырмыз. Екінші әрине заңның аясында қандай өзгерістер болатыны туралы толық түсінік бердік. Біз креативті индустриямен шұғылданатын азаматтарға креатив фонд арқылы жаңадан қолдау мәселесін жеткіздік.

Кездесу барысында Тамара Дүйсенова Қазақстандағы креативті индустрия экономиканың қозғаушы күші болуға тиіс екенін атап өтті. Ал жаңа жобаларға мемлекет тарапынан әрқашан қолдау көрсетіледі.