Облыстық полиция департаментінде ведомство бастығы Айдын Қабдұлдиновтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбына арналған жұмыс кеңесі өтті. Полиция бөлімшелерінің басшылығы мен жеке құрамға жыл басынан бері Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарындағы заңдылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі туралы ішкі істер министрлігінің шолуы жеткізілді.

Сонымен қатар кеңесте облыстық полиция департаменті қызметкерлерінің қызметтік тәртіпті сақтау мәселелері қаралды. Полиция генерал-майоры Қабдұлдинов ішкі істер министрлігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арасындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының жолын кесу бойынша меморандум туралы еске салды. Министрлік ішкі істер органдары қызметкерлері тарапынан заңдылықтың бұзылуына жол бермеу бойынша қатаң ұстанымда.

Айдын Қабдұлдинов ,СҚО ПД бастығы:

- Довожу до вас, что МВД заняло очень жёсткую и принципиальную позицию в отношении нарушителей закона. В случае задержания сотрудника за совершение преступления его непосредственный руководитель будет освобождаться от занимаемой должности и будет начинать свою карьеру заново с самых низов.

Сондай-ақ, Айдын Қабдұлдинов полиция жұмысы әрбір заң бұзушының мәртебесі мен лауазымына қарамастан жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етуі тиіс екенін атап өтті. Тек осылай ғана Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген «Заң және Тәртіп» қағидатын іске асыру қамтамасыз етілуі мүмкін.

Айдын Қабдұлдинов — СҚО ПД бастығы:

- Будем определять роль и ответственность каждого, кто находился рядом, не видел, не замечал, или покрывал нарушителя ходе служебного расследования будем выяснять отношение его напарников.

Тәртіп сақшылары полиция қызметкерлері тарапынан кез келген құқыққа қарсы әрекеттер туралы жеке қауіпсіздік бөлімшелеріне немесе Қазақстн Республикасы ішкі істер министрлігінің «1402» бірыңғай сенім телефонына хабарлау керектігін еске салады.