Облыстық креативті орталықта дизайн, цифрландыру және ақпараттық технологияларға арналған "Хакатон" олимпиадасы өтті. Іс-шараға 30-ға жуық оқушы қатысты. Зияткерлік байқау туралы әріптесімнің бейнематериалынан біле аласыздар.
"Хакатон" - бірегей білім беру жобасы. Бұл әзірлеушілер форумы, оның барысында қатысушылар кез-келген өзекті мәселені белгілі бір уақытта бірге шешеді. Балалар үшін 3 кейс дайындалған. Мектеп оқушыларына жұмыс істейтін ұйымдар үшін үш логотип жасау міндеті тұр. Тапсырмаларды орындауға 24 сағат беріледі. Бір тәулікте қатысушылар негізгі талаптарды орындауы керек, сондай-ақ орындалған жұмысты таныстыруы қажет.
НҰРГҮЛ БУЛАТОВА КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯЛАРДЫ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
- Шығармашылық хакатон креативті индустриямен байланысты. Сондықтан, бүгін біз логотиптерді дайындауда бәсекеге түсетін жаңа дизайнерлерді шақырдық. Бізде 3 кейс бар. Бүгін балалар ребрендинг жасағысы келетін үш ұйым үшін логотиптер әзірлейді. Хакатон тек дизайнда ғана емес,жалпы дағдыларды дамытуға көмектеседі. Олар үшін бұл кейін пайдалана алатын портфолио.
Олимпиадаға 10-ға жуық команда қатысты. Олардың арасында Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицейінің оқушысы Әлішер Байзақ та бар. Жасөспірімнің сөзінше, ақпараттық технологиялар мен дизайн қазіргі қоғамда маңызды рөл атқарады.
ӘЛІШЕР БАЙЗАҚ, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ІТ-МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ:
- Мен Хакатонға дизайн тақырыбы қызықтыратындықтан келіп отырмын. Менің командамда маған көмектесетін 2 әзірлеуші бар. Қызықты брендинг, визуал жасау міндетіміз. Оның мәні мен идеясы кейстерімізде көрінетін болады. Әзірге ешқандай идея жоқ, бірақ жоспар бар. Maind ман картасы, анықтамалық карта, эскиз, содан кейін ғана бренд логотипін жасаймыз.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта "Хакатон" зияткерлік олимпиадасы тұрақты негізде ұйымдастырылмақ.