Петропавлда мәслихат депутаттарының кезекті отырысы өтті. Жиында өңірдіңосы жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланды. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов 2024 жылдың оңай тимегенін, десе де жемісті болғанын айтты.
Күн тәртібіндегі басты тақырып-биылғы көктемгі су тасқыны. 3898 отбасының үйі су астында қалды. Оның 1394-і жаңа пәтерге ие болып, 241 отбасының үйі қалпына келтірілді. Ал 1658 үйдің иелері баспананы өз бетінше жөндеп алған. Әрбір зардап шеккен тұрғынға үйін жөндеуге өтемақы төленді.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Өткен жылғы табиғи апатта өңірдің инфрақұрылымына біршама әсер етті. Тұрғындардың үйін су басты. 4000- ға жуық үйді су басты. Оның жартысы Петропавл қаласында. Су тасқыны кезінде өңір тұрғындары бір үйдің баласындай бір біріне көмектесті. Осы үшін жерлестеріме алғысымды білдіремін.
Көктемгі су тасқыны және оның салдары аймақ экономикасына қатты әсер ете қойған жоқ. Негізгі бағыттар бойынша оң өсім байқалады, - деп атап өтті өңір басшысы. 10 айдың қорытындысы бойынша аграрлық сектордағы өсім 130%, өнеркәсіп - 100%, құрылыс - 127%, тұрғын үйді пайдалануға беру - 123%, Инвестициялар-109% құрады.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Агроөнеркәсіп кешені өңір экономикасының басыт саласы болып табылады. Мемлекет басшысы ауыл шаруашлығы өнімін екі есеге ұлғайтуды тапсырды. Өңірдің бұл мақсатқа қол жеткізуіне мүмкіндік бар. 09/16
Мал шаруашылығы саласына келетін болсақ, облыста сүт-тауарлы фермалар салынды. Жобаны іске асыруға өткен жылы республикалық бюджеттен 17 млрд. теңге бөлінді. Бүгін 19 сүт кешенінің 11-і аяқталып, іске қосылды.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Петропавлда қуаты 9 мың тонна болатын құс фабрикасының құрылысы жүріп жатыр. Бұл өңіріміздің сұранысын толық қанағаттандырып, өнімді экспортқа шығаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемін арттыру мақсатында инвестициялық жобалар жүзеге асырылу үстінде. Зенченко И.К кәсіпорыны 30 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін цех салып жатыр.
Халықты сапалы және қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету өте маңызды, - дейді Ғауез Нұрмұхамбетов. Осы мақсатта Петропавлда 32 көппәтерлі үйдің құрылысы басталған. Оның 20-сы-жеке құрылыс салушылар есебінен салыну үстінде. Ал халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үй сатып алуға 5,8 млрд. теңге бөлінді. Жалпы, жыл соңына дейін облыста 330 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Қазір ескі Қопай ықшамауданын қалпына келтіру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Ондағы апатты үйлерді бұзамыз. Оның орнына жаңа заманауи шағын аудан салынады. 605 пәтерлі көпқабатты үйлердің құрылысы басталды. Бұл кезекте тұрғандар үшін несиелік баспана. Бұл шағын ауданда барлығы 27 көпқабатты үй пайда болады.
Биыл 1 мың шақырымнан астам жол жөнделді. Оның 208-і республикалық, 630-ы жергілікті және 163 шақырымы кентішілік жолдар. Ал алдағы 4 жылда Петропавлдың барлық көшелеріне асфальт төселеді.