Борки кентінде облыс кубогы үшін шаңғы жарысы басталды. Биылғы сайысқа өңірдің әр түкпірінен 300-ге жуық спортшы қатысып жатыр. 10-20 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастар әртүрлі қашықтықтарда өз бақтарын сынайды. Екі күнге созылатын сайыстың алғашқы күні жайлы келесі материалда.
Боркидегі жарыстың алғашқы күні шаңғышылар мен олардың жанкүйерлерін жинады. Салқын ауа-райына қарамастан, қатысушылардың көңіл-күйі көтеріңкі. Бұл жарыс жас спортшыларға өз шеберліктерін көрсетуге және жеңіске жетуге мүмкіндік беріп отыр.
АЛЕКСАНДР ВАСИЛЬЕВ, ЖАРЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ:
- Спринт болғаннан кеін қашықтықтар қысқа. Кіші жастағылар 500 метр, ал үлкендері 1000 метр жүгіріп өтеді. Алдымен іріктеу кезеңі, содан кейін жартылай финал және финал болады. Ертең классикалық стильдегі жарыс өтеді: үлкендер 7,5 шақырым, ал кіші жастағылар 3,5 шақырым жүгірмек.
Көптеген қатысушы үшін бұл жарыс – өз мүмкіндігін бағамдау. Солардың бірі – 14 жасар Алиса Незнанова.
АЛИСА НЕЗНАНОВА ,ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:
- Жасым 14-те. Биатлонмен шамамен алты жыл айналысамын. Үнемі облыстық жарыстарға қатысып, гарнд турларға да шығып тұрамын.
Бүгін бар күшімді салып, жақсы нәтижие көрсетем денег ойдамын.
Борки кентіндегі жарыс ертең де жалғасады. Үздік нәтиже көрсеткен шаңғышылар келесі жылы ел спартакиадасына қатысуға мүмкіндік алады.