Солтүстік Қазақстанда туып-өскен танымал журналист, сазгер Шашубай Малдыбаев 75 жасқа толып отыр. Осыған орай, Петропавлда «Армысың, аңыз қалам – Қызылжарым» атты кеш өтті. Мерейтойға ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев қатысып, Шашубай Ғалымұлына Мемлекет басшысынан атынан «Алтын барыс» ордені мен Алғыс хат табыс етті.
Шашубай Малдыбаев – Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Ол өзінің еңбек жолын 1971 жылы «Ленин туы» яғни, қазіргі Солтүстік Қазақстан газетінде бастаған. Сондай-ақ, дарынды тұлға елімізге сазгер ретінде де танымал.Барлығы 40 тан астам әні бар.
ШАШУБАЙ МАЛДЫБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ, САЗГЕР:
- Шын жүректен жерлестеріме ақ тілегімді, алғымысымды айтамын. Қуаныштымын. Әсіресе телекөрерменге, Қызылжар арнасының көрермендеріне, жалпы баршаңызға рахмет.Сіздердің де осындай жақсы, құрметті өмір сүрулеріңізге тілектеспін.0:56 Қазір ардагер ретінде еңбектеніп, ән жазып, өлең шығарамын. Түрлі конкурстарға қатысып жүрмін. Осылайша, ардагерлік, аталық қызметімді атқарып жатырмын.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының кеңесшісі Мәлік Отарбаев Солтүстік Қазақстан облысына осымен 3-рет келіп отыр. Ең қызығы, үшеуі де Малдыбаевтар әулетіне қатысты екен.
МӘЛІК ОТАРБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ:
- Біріншіден, Ғалым Малдыбаевтің 120 жылдығына арнап, қаланың төріне тақта орнатқан кезде Президенттің атынан арнай келдім. Екіншісі Шалақында ескерткіші бойы көтерген кезде келгенмін. Бүгін міне Шашубай Малдыбаветің арнайы тойына келіп отырмын. Қадірлі ағайын, біз Малдыбаевтардың еңбегін шын мәнісінде әрдайым жоғары бағалаймыз.
Шашубай Ғалымұлы мерейтойында «Алтын барыс» орденіне ие болып, ҚР Президенті атынан Алғыс хат алды. Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов Шашубай Малдыбаевқа өңір жетекшісінің атынан құттықтау хатын беріп, иығына шапан жапты.
ЖАБАЛ ЕРҒАЛИЕВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:
- Бүгін Қызылжар жеріне Көшеутаудан келіп отырмыз. Біз бұрыннан ауылы аралас, қойы қоралас елміз ғой. 0:55 Шашубай Малдыбаевті айтатын болсақ тектіден текті болып тамыр тартқан, үлкен зиялы әулеттің ұрпағы екенін жақсы білесіздер. Сондықтан оның тойы елдіктің, Қызылжардың тойы. Кешегі Қызылжар топырағында туған Сәбең мен Мағжандардың, Ғабит Мүсіреповтың тойының жалғасы деп қабылдауымыз керек. Той құтты болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.
Шашубай Ғалымұлы қазіргі таңда Алматы облысы, Қаскелең қаласында тұрып жатыр. Танымал журналист Мерейтойлық кешінде туған жеріне деген сағынышын жеткізіп, жерлестеріне алғысын білдірді.