Тайынша ауданы облыс бойынша инвестициялардың жалпы көлемі бойынша бірінші орында тұр. Бұл өз кезегінде аймақ экономикасына салынған қаражаттың 8,8% құрайды.32,6 миллиард теңгенің 28 миллиардтан астамы бизнестің өз қаражаты есебінен түскен. Ал, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 112,9 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы өңірлік коммуникалар қызметі алаңында өткен брифингте аудан әкімі Берік Әлжанов айтты.
Ал, ауданда барлығы 47 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Биыл Драгомировка ауылында 120 орынға шақталған білім ұясының құрылысы аяқталып қолданысқа берілді. Ал, 3 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, Тайыншада 70 мәдениет нысаны мен 200-ге жуық спорт ғимараты бар.
БЕРІК ӘЛЖАНОВ, ТАЙЫНША АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Құрылыс саласында ағымдағы жылдың 10 айында құрылыс жұмыстарының көлемі 7,2 млрд. теңге сомасына орындалды. Тайынша қаласында жалпы ауданы 4 200 шаршы метр болатын 50 пәтерлі тұрғын үйдің, Драгомировка ауылындағы мектептің құрылысы аяқталды. Жалпы ауданы 2000 шаршы метр 30 пәтерлі коммерциялық тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде және Келлеровка ауылындағы ДСК құрылысы аяқталуда.