Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Ғ.Мүсірепов ауданының әкімі ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жөнінде есеп берді. Биыл аудан бюджеті 11,3 млрд. теңгені құрады. Халықтың орташа айлық жалақысы былтырғыдан 13%-ға өсіп, 269 мың теңгеге жетіп отыр. Ал ауыл шаруашылығы бойынша өсім 17,4%-ға тең.

Аудандағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 48,4 млрд теңге. Оның 1.6 млрды инвестицияланды. Бұл өткен жылғы деңгейден 52%-ға жоғары. Құрылыс жұмыстарының көлемі 8,9 млрд теңгені құрады. Жыл басынан бері ауданда 2096 адам жұмыспен қамтылды. Келесі жылы 2052 адамды қамту жоспарланып отыр. Биыл ауданға 49 отбасы қоныс аударған. Олардың барлығы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

РУСЛАН АҢБАЕВ, Ғ.МҮСІРЕПОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Жыл сайын бағдарламаны іске асыруға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредиттерге және көтерме жәрдемақыларға қаражат бөлінеді. Мәселен, 2024 жылы 18 маманға 155,1 млн.теңге сомасына несие және 40 маманға жалпы сомасы 14,7 млн. теңгеге көтерме жәрдемақы төлеу қарастырылған.