Сқо-на жұмыс сапарымен қазақстан республикасы премьер-министрінің орынбасары келді. Аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов пен Тамара Дүйсенова өңірдегі әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап, жұмыс сапасын тексерді. Бұл жолы әлеуметтік дәріхана мен Қызылжар ауданы Пресновка ауылында жаңадан салынған медициналық пункттің жұмысымен танысты.
Қазақстанда 2024 жылдың шілдесінен бастап препараттарды таңбалау жүйесі енгізілді. Таңбалау кодында препараттың өндірушісі, шығарылған күні, дәріханаға жетпей тұрып жеткізілгенге дейінгі ақпарат көрсетіледі. Таңбалау контрафактілік өнімдермен мәселені шешуге және дәрі-дәрмектің ықтимал тапшылығын болдырмауға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова ең алдымен дәрі-дәрмектердің таңбалануын тексерді.
Аталмыш дәріхана 30 жылдан астам жұмыс істейді, осы уақыт арылығында 9 филиалы ашылған. Бұл GPP стандартын растаған алғашқы дәріхана. Серіктестік басшысының сөзінше, дәрі-дәрмектің қолжетімді бағасын сақтауға тырысады. Евгения Лямкина таңбалау фармацевтерге қателіктерден аулақ болуға және дәрі-дәрмектердің түпнұсқалығын тексеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.
ЕВГЕНИЯ ЛЯМКИНА, «ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА» ЖШС БАСШЫСЫ:
-Таңбалаудан өтетін өнім пайда болады. Біз оны қоймаға қабылдаймыз, ол қоймада карантинге түседі. Содан кейін барлығы сауда кәсіпорындарына, дәріханаларға жөнелтіледі. Таңбалау жүйесі әрине қажет. Біріншіден, логистика бойынша барлық қателіктерден аулақ боламыз. Сатып алушы үйге келіп, өнімнің қандай кезеңдерден өткенін қарай алады.
Кейін Ғауез Нұрмұхамбетов пен Тамара Дүйсенова Қызылжар ауданы Пресновка ауылында жаңадан ашылған медициналық пункттің жұмысымен танысты. Тұрғындар енді ауылда сапалы ем қабылдаймыз қуанып отыр. Олар мемлекет басшысына ауыл халқының өмір сүру сапасына көңіл бөліп жатқанына алғысын білдірді.
Аталмыш мекеме қараша айында қолданысқа берілген. Жоба құны 203 млн құрайды. Медициналық орталыққа 1750 науқас жүгінеді. Пресновка ауылынан бөлек 7 елді мекенге де қызмет көрсетеді. Жақында ғана ашылған медициналық пунктке күніне кемінде 15 адам жүгінеді. Тамара Дүйсенова ауыл халқымен тілдесіп, жасалып жағдайға тоқталды.
ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Мемлекет басшысы айтты ғой, ауылдағы азаматтардың бәріне ең бірінші осындай жақсы дәрігерлік пункт болсын деп. Мұндағы ең негізгі мәселе бұрын анализге ауданға баратын едіңіздер. Қазір қанның анализін осы жерде, макротаның анализін осы жерде, физио лечениеларыңыз осы жерде болады, дневной стационарларыңыз осы жерде болады. Врачтарыңыз бар, енді тек қана қажет болған жағдайда телемедицина қояйын деп жатырмыз тағы.
Орталықта алғашқы көмек көрсететін дәрігерлік кабинет, екпе егу және скрининг кабинеті бар. Оның барлығы заманауи жабдықпен жабдықталған. Нұрғайша Даллакян орталықта мейірбеке болып жұмыс істейді. Оның медицина саласында жүргеніне 40 жыл болған.
НҰРҒАЙША ДАЛЛАКЯН, МЕЙІРБИКЕ:
- Біз осы күнге дейін үш кабинеттен тұратын жалға алынған ғимаратта жұмыс істедік. Қазір Президентіміздің, үкімет саясатының арқасында жаңа медициналық пункте жұмыс істеу мүмкіндігі туды. Барлық кабинеттерде халыққа сапалы медициналық көмек көрсете алатын заманауи жадықтар бар. Біз Президенттің ауыл халқының денсаулығына көңіл бөліп жатқанына қуаныштымыз.
Тамара Дүйсенова дәрігерлерге енді жаңа ғимаратта сапалы жұмыс атқаруды тапсырды. Ақ халаттылар ауыл халқының денсаулығына көңіл бөлсе екен дейді.