Ерік Асқаров атындағы облыстық жас ақындар мектебі кезекті есеп беру кешін «Толқыннан толқын туады» атты аймақтық оқушылар айтысымен қорытындылады. Жыр додасына Павлодар, Көкшетау, Қостанай, Астана қалаларынан және өңірімізден барлығы 5 жұп қатысты.

Биыл Ерік Асқаров атындағы ақындар мектебіне 5 жыл. Осы уақыт аралығында жас таланттар түрлі деңгейдегі мүшәйралардан жүлделі орындар алып келеді. Қазір мұнда 60-қа жуық жас дарын тәлім алуда. Әдеби кеш аламан айтыспен басталды. Бұл жолғы өнер бәйгесіне 10 жүйрік қатысуға ниет етіпті. Оның ішінде 5еуі өңіріміздің жас ақындары, сондай-ақ еліміздің әр аймағынан өнер көрсетуге 5 жас ақын келген.

ЖАРҚЫН ЖҰПАРХАН, ЕРІК АСҚАРОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖАС АҚЫНДАР МЕКТЕБІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Е. Асқаров атындағы облыстық жас ақындар мектебіне биыл 5 жыл. Осы жылдың басынан бері қарай біз көптеген іс шаралар өткізіп жатырмыз. Біздің ақындар мектебі өздеріңіз білесіздер 5 бағыт бойынша жұмыс жасаймыз. Оның бір бағыты айтыс, бір бағыты мүшайра, бір бағыты шешендік сөз өнері, бір бағыты мәнерлеп оқу. Осы 5 бағыт бойынша біз 5 түрлі әс-шара өткізіп жатырмыз. Ал енді мына қазір өткізіп жатқан «Толқыннан толқын туады» атты аймақтық оқушылар айтысы бұл біздің қортынды кешіміз. Бұл кешке көршілес 5 облыс шақырып отырмыз. Павлодар , Ақмола облысы, Қостанай, Астана қаласы сонымен бірге өзіміздің бвалалар. Барлығы 10 бала бүгін бақ сынайтын болады. 

Сахна төріне бірінші болып солтүстікқазақстандық Нұрғиса Қайыртай мен Керекулік Мейіржан Баршынбай шықты.

Жыр жазғанды жаны сүйетін Мейіржан Баршынбай бүгінгі айтысқа Павлодар облысынан келіпті. «Желдірме» ақындар мектебінің тәрбиеленушісі. Мейіржанның айтысқа қатысып жүргеніне биыл 3 жыл болған.

МЕЙІРЖАН БАРШЫНБАЙ, АЙТЫСҚА ҚАТЫСУШЫ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ:

- Мен Павлодар облысынан киелі Ертіс Баян өңірінен келіп отырмын. Арнайы осы қызыджар өңірінде өтіп жатқан Ерік асқаров деген қайсар от ақынның бүгін ақындар мектебіне 5 жыл толып жатыр. Жалпы 5 жыл толғанмен елеулі еңбек жасап жатыр бұл мектеп. Сондықтан қуаныштымыз. Қызылжар өңіріне осындай үлкен айтыс өтіп жатыр. Жас жүйріктерге біз сияқты мүмкіндік сыйлап жатқанына қуаныштымыз. Бүгін аламанның алдын бермей, барынша көсем шабуға бәгенің алдынан келуге тырысамын. 

Мықтылардың ізін басып келе жатқан жас ақындар бұл кеште сүбелі сөз айтып, астарлы әзілдерімен жыр сүйер қауымның қошеметіне бөленді.

Ақындар айтысында өнерімен оза шапқан жас ақындар арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.