Облысқа жұмыс сапарымен келген Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Бескөлдік Сатыбалдиндер отбасының «Ауыл аманаты» жобасы аясында ашқан шағын құс фермасына барды. Ерлі-зайыптылар «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 2,5 пайыздық несие алып, іс бастаған. Мемлекеттен алған қаржыға бірден 500 тауық сатып алған. Қазір оның саны 800-ге жетті. Кәсіпкерлер туралы тілшіміз дайындаған сюжеттен көрейік.

Ерлі – зайыпты Сатыбалдиндер аядай ауылда 800 тауық асырап, кәсібін өрбітіп отыр. Жолдасы еңбек демалысына шыққаннан кейін, әйелі де жұмыстан қысқартылып қалған. Бұлай жұмыссыз жүре алмаспыз деп, кәсіп бастаудың қамына кіріседі. Бұл ойға алған ісінің орындалуына Мемлекеттік «Ауыл аманаты» жобасы негіз болыпты. Ол 2,5 пайызбен алған 8 миллион теңгеге ойланбастан тауық сатып алып, шағын ферма ашқан.

САРА САТЫБАЛДИНА ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

- Екеумізде жұмыссыз қалған соң, екі қолға бір күрек керек болды. Өзім бұрын құс фабрикасында ветеринар болып жұмыс істегенмін. Кейін «Ауыл аманаты» бағдарламасын естіген соң, бірден әкімшілікке барып, толығырақ таныстық. Құжаттарын дайындап, бизнес жоспар құрдық. Үйімізді кепілге қойдық Бізде шағын ферма ашуға ауламызда дайын үй болды. Содан алған қаражатымызға тауық, оның арнайы торларын, ал 20 пайызына жем сатып алдық. Былтыр 26 желтоқсанда ашылғанбыз, 1 жыл болды.

Кәсіпкерлер Бескөл ауылындағы дүкендердің бәрімен келісімге отырған. Оларға нарықтағы бағадан арзан бағада үй жұмыртқасын жеткізіп тұрады. Сондай-ақ ауылдағы зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға тезін жеткізу қызметі бар. Алдағы уақытта бизнес көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз дейді.

САРА САТЫБАЛДИНА ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

-ЕЖЕДНЕВНО (ПЕРЕВОД) Күніне 500 жұмыртқа болса, бір күнде сатып жібереміз. Қазір алған несиеміздің біраз бөлігін жаптық. Енді қалғанын жауып, қора-жайды кеңейтіп, инкубатор мен бройлер құрылғыларын сатып алғымыз келеді. Жұмыртқаны инкубациялап, жақсы аналық жұмыртқаны алғым келді.

2023 жылы жалпы Қызылжар ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 45 жоба қолға алынған. Бұған 398 млн теңге көлемінде қаржы бөлінген. Осы арқылы 45 жаңа шағын және орта бизнес ашылып, 75 жұмыс орыны ашылды.

САҚТАҒАН СӘДУАҚАСОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Приобретение (перевод) «ауыл аманаты» жобасы жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері өз техникаларын жаңартты. Ал одан басқа көлік жуатын орын, шаштараз, дүкен, сынды орындар ашылды. Ал мал шаруашылығының ішінде құс және жылқы фермалары ашылды.

Жалпы ауданға 19 ауыл кіреді. Оның тек 5 ауылына «Ауыл аманаты» бойынша несие әзірге берілмеді. Аудан әкімнің айтуынша алдағы уақытта бұл ауылдарда да шағын кәсіпорындар ашылады. Ал нәпақа табам дегендерге ауыл халқының әлеуетін арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы үлкен мүмкіндік, әрі алғашқы баспалдақ іспеттес.