Бескөл ауылындағы Мәдениет үйінде Қызылжар ауданы прокуратурасының бастамасымен, аудандық полиция бөлімі және әкімдіктің қолдауымен саламатты өмір салтын насихаттауға бағытталған профилактикалық іс-шара өтті. Оның барысында мамандар мен шақырылған қонақтар мектеп оқушыларына өз баяндамаларын оқыды.
Жыл сайын Қазақстанда есірткіге тәуелді адамдар мен қылмыс жасағандардың саны артып келеді. Есірткіге тәуелділік – өте қауіпті және емдеуге қиын ауру, деп атап өтті Қызылжар ауданының прокурорлары. 2024 жылдың басынан бері ауданында есірткі заттарын заңсыз сатып алу және сақтау бойынша 4 жағдай анықталды.
РАУАН СМАҒҰЛОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ БЖСМ БОКСТАН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:
- Шыны керек, қазіргі таңда кейбір жастар теріс жолға түсіп жатады. Өз тарапымнан мен жастарды керісінше, мұндай нәрселерден аулақ болып, жақсы жолға түсуін қалаймын. Саламатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданып, өз болашақтарын жарқын етіп құруы – бұл тек олардың денсаулығына ғана емес, болашақта қоғамға қосатын үлестеріне де оң әсерін тигізеді. Бүгінгі таңда дұрыс таңдау жасаудың маңызы зор, сондықтан жастардың дұрыс жолды таңдауы үшін барымызды салуымыз қажет.