Петропавлдағы Конституция көшесінде орналасқан жаңа мәдени орындардың бірі – «Ботай» сурет галереясы. Бұл жерде қазақ суретшілерінің шығармашылығымен танысуға болады. Тарих пен бүгінді байланыстырған ерекше көрме туралы тілшіміз баяндасын.
«Ботай» сурет галереясы-өнер сүйер қауымды қызықтырмай қоймас. Тарихтан сыр шертетін бұл көркемсурет галереясында елдің танымал қылқалам шеберлерінің шығармашылығымен таныса аласыз.
ВЕРА ГОНЧАРОВА, ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІ:
–Галереяға 14 суретшінің 56 картинасы ұсынылды. Мұнда солтүстікқазақстандық Ғалия Әбенова , Анатолий Тюрин, Марат Қожахметов, Игорь Василенко, Айдарбек Қалдыров сынды суретшілердің түрлі халықаралық және республикалық көрмелердегі жүлделі орындарды еншілеген картиналары тұр.
Көрменің Ботай сурет галереясы деп аталуы бекер емес. Ботай мәдениеті - энеолит дәуіріне тиесілі Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданынан табылған құнды тарихи орын. Ескерткішке 1981-1983 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялық экспедициясы профессор Виктор Зайберттің жетекшілігімен қазба жұмыстарын жүргізген. Бүгінде бұл біздің өлкенің өзіндік брендіне айналып отыр.
ВЕРА ГОНЧАРОВА, ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІ:
- Мында тұрған заттар Ботай жәдігерлері. Мысалы, бұл балшықтан жасалған ыдыс заманауи технологиялар арқылы зерттеліп, оның сазынан қымыз молекулалары табылды. Бұл арқылы Ботай аумағында жылқылардың қолға үйретілгені дәлелдеген.
Көрмені аптаның алты күні, яғни дүйсенбіден басқа күндері сағат 10 нан кешкі 18/00 ге дейін келіп тамашалай аласыздар.