Облыста биылғы 10 айдың ішінде өткен жылмен салыстырғанда 3 есе артық есірткі тәркіленген. Заң бұзушылықтың алдын алу үшін полицейлер мен Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығының мамандары қызмет көрсету саласы колледжінде арнайы жиын өткізді.

Өңірде қаңтар-қазан айы аралығында есірткіге қатысты 223 заңбұзушылық анықталды. Айналымнан 800 келіге жуық түрлі есірткі заттары алынған. Бүгінгі жиында жастарға есірткі қылмысы жайлы, жаза басқандарға қолданылатын жаза туралы айтылды.

ЗАРИНА ПОПОВА, СҚО ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

- Бүгінгі күні есірткі мәселесіне аса назар аударылып отыр. Сондықтан, біз күнделікті оқушылар мен студенттердің қатысумен профилактикалық іс-шаралар өткіземіз. Түсіндіру жұмысын креативті түрде ұйымдастыруға тырысамыз.