"AMANAT" партиясының филиалында "Мирас" облыстық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Кезекті кездесуде өзекті тақырыптар көтерілді. Жолдауды іске асыру, өңірдің мәдениет саласындағы проблемалары мен ескерткіштерді қалпына келтіру мәселелері талқыланды.
"AMANAT" партиясы филиалы жанындағы "Miras" кеңесінің қорытынды отырысында бірден бірнеше тақырып қамтылды. Солардың бірі-мемлекеттік тілді дамыту. Кеңес төрағасы Ербахыт Амантайұлы қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту керектігін айтты.
ЕРБАҚЫТ АМАНТАЙҰЛЫ «AMANAT» ПАРТИЯСЫ СҚОФ ЖАНЫНДАҒЫ «MIRAS» КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
- Бүгінгі отырыста өңірлердің өкілдері, атап айтқанда, мемлекеттік тілді дамыту саласында атқарылған жұмыстарымен бөліседі. Бұған дейін АМАНАТ партиясы кезінде жол картасы бекітілген болатын. Мәселен, 63 тармақта қазақ тілін дамыту бойынша негізгі талаптар жазылған. Дәл осы талаптар бойынша өңірлерде жұмыс жүргізілуде.
Сондай-ақ, кеңесте өңірдегі өнер мен халық музыкасын дамыту бойынша өзекті тақырыптар талқыланды. Біржан Есжанов жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, филармонияның даму жоспарымен бөлісті.
БІРЖАН ЕСЖАНОВ АҚАН СЕРІ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:
- Мен бүгін халық музыкасы, мемлекеттік тіл мен халық өнері жайлы тақырып қозғағым келіп отыр. Бүгін өңірде осы бағыттар бойынша қалай дамып жатқаны, сондай-ақ олардың проблемалары мен міндеттері туралы бөлісемін. Содан кейін біз әріптестерімізбен бірге оларды шешу жоспарын дайындаймыз.
Кездесу соңында мәдениет саласындағы негізгі жетістіктер атап өтіЛІп, 2024 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарЫЛды. Сондай-ақ, алдағы жылға негізгі бағыттар мен міндеттер ЖОСПАРЛАНДЫ.