Петропавлда зейнеткерлер арасында шахматтан турнир ұйымдастырылды. Ардагерлерге ойынның ережесі таныстырылғаннан кейін, кейін жеребе тартылды.
АНАТОЛИЙ КОРАБЕЛЬНИКОВ – ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Бүгінгі шахматтан өткізіліп отырған облыстық турнир Отан соғысының 80 жылдығына арналады. Ойын саламатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі облыстық «Ұзақ өмір» орталығымен бірлесе отырып ұйымдастырылды.
Турнирге облыстың 13 ауданы мен Петропавл қаласынан ойыншылар қатысты. Шахматшылардың бірі Қызылжар ауданының чемпионы - Сансызбай Жүнісов. Ол ойынның бұл түрімен 50 жыл шұғылданып келеді. Шахмат ойнау логикалық ойлауды дамытады дейді қатысушы.
САНСЫЗБАЙ ЖҮНІСОВ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ:
- Спортта қандай болсын логиканы жақсы дамытады. Басқада жаттығу керек қой.
Мұндай жарыс алдағы уақытта тағы да өтеді. 2025 жылдың сәуір айында үстел ойынының 3 түрі: шахмат, дойбы және тоғыз құмалақ бойынша жарыстар өткізу жоспарланған.