Экология мәселелері және оны шешу жолдары. Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында осындай тақырыпта жиын өтті. Ұйымдастырушы – Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығы. Іс-шараға болашақ экологтар - 50-ге жуық студент қатысты.
Республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған басқосуда студенттер де баяндама оқыды. Солардың бірі - жергілікті университетте эколог мамандығы бойынша білім алып жатқан Залина Нысанова.
ЗАЛИНА НЫСАНОВА, СТУДЕНТ:
- Экология мамандығы – қазірігі таңда сұранысқа ие сала. Қазақстанда неше түрлі мәселелер бар. Мысалы, Арал теңізі, Балқаш көлі мен Каспий теңізі. Оқуымды тәмамдағаннан кейін осы мамандық бойынша жұмыс істегім келеді. Арал қаласынан болғандықтан қолдан келгенше қызмет жасасам деймін.
Студенттердің басым бөлігі баяндамаларында Петропавлдағы экологиялық мәселелерді қозғаған. Әсіресе су тасқынынан келген залалға ерекше көңіл бөлінген.
ГҮЛБАҚЫТ БАЙБОСЫНОВА, ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ:
- Сәуір айынан бастап экология бойынша жұмыс істеп келеміз. Оған тек студенттерді ғана емес жұмыссыз жүрген жастарды баулып жатырмыз....
Жалпы, «Таза Қазақстан» науқаны аясында экология тақырыбында бүгінге дейін өңірде 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылды.