Қысқы маусымға дайындық – бүгінгі күні жол қызметтерінің жұмысындағы негізгі басымдықтардың бірі. Петропавлда, Пестрое көлінің жанында, құтқарушылар мен полицейлердің қатысуымен техниканың тексерісі өтті.
«Қазавтожол» ұлттық компаниясы облыстық филиалының мәліметінше, жолшылар қыс маусымына 100 пайыз дайын. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстау үшін «Кажсервис» ұйымында 128 техника бар, олар аудандар бойынша бөлінген. Қажет болған жағдайда қосымша 19 техника жалғат алынады. Бұдан бөлек, шамамен 6 мың текше метр құм-тұз қоспасы дайындалды, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.
ҚАНАТ ӨСЕРБАЕВ- «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Бүгінгі таңда айтатын болсақ, бізде 31 дана жаңа техника келді. //Автогредирлар бар, КДМ машиналары бар, камаз, ховат және де МТЗ тракторлары бар.