Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің автопаркі жаңа техникамен толықты. Ведомствоның жедел-құтқару жасағына ауа-райының ең қолайсыз жағдайында да жұмыс істейтін заманауи кеме – «Marlin 830» қайығы алынды. Қазіргі заманғы байланыс және навигация құралдарымен жарақтандырылған берік және сенімді жүзу құралы оны құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар облыстың өрт сөндіру қызметіне көп қабатты ғимараттардағы өртті сөндіруге және адамдарды эвакуациялауға мүмкіндік беретін «MAGIRUS» баспалдақты көлігі алынды. Германияда жасалған техниканың баспалдағы 55 метрге дейін созылады, құтқару лифті, автономды генератор, жетілдірілген басқару жүйесі бар. Бұл мамандардың жұмысын біршама жеңілдетпек. Арнайы техника республикалық бюджет есебінен алынды.