Петропавлда қысқы кезеңге дайындық қызу жүріп жатыр. Негізгі міндет - көлік пен жаяу жүргіншілер үшін жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Петропавлда автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстаумен екі компания - "Благоустройство Север" және "Грандо"жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері айналысады. Қала жолдарын қар мен мұздан таза ұстау үшін барлық қажетті техника бар. Мердігерлер биыл жаңа автогрейдерлер, тиегіштер және көше тазартатын тракторлар сатып алды. Айта кетейік, жыл басынан бері оның ішінде жазғы кезеңде де жолдарды күтіп-ұстауға, 1,5 млрд. теңге бөлінді.
ӘСЕМ АЙТУЛОВА- ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
- Жалпы, 150-ден астам техника жұмылдырылмақ. Егер қардың көлемі үлкен болса, техниканың саны да арттырылатын болады. Үш полигон жұмыс істеп жатыр, қардың барлығы сол үш полигонға апарылады.