Қозыбаев университетінде «NOMAD лигасының» ШИРЕК финалдық ойыны өтті. Оған жастардан құралған 15 команда қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Қызылжар кубыгіне жайдарманшылар еліміздің әр өңірінен жиналған. 


Жайдарман өнер додасы жастардың шығармашылық қабілетін дамытып, достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған. Іс-шара былтырдан бері ұйымдастырылып келеді.


АЯН ЗАРИПОВ –ЖАЙДАРМАННЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ бүгін республикалық жайдарман номад лигасы ¼ финал, сонымен қатар Қызылжар кубогы. Бұл ойынға 15 құрама қатысып жатыр. Ол Орталық Қазақстаннан және де Солтүстік Қазақстаннан мықты-мықты дейтін командалар. Бүгінгі ойында ¼ финал болғандықтан кейін, ½ ге өтетін командаларды анықтайтын боламыз. Және де Қызылжар кубогы иегерін анықтайтын боламыз.  


Қатысушылар қағытпа қалжын мен астарлы әзіл айтып, қоғамдағы түрлі мәселелерді қозғады. Жалпы жайдарман ойындары араға біраз үзіліс салып өткендіктен көпшіліктің қолдауымен ықыласы да ерекше болды. Әзілкештер арасында астарлы әзілмен мағыналы мәтіндерін қимылға қосып, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлаған командалардың бірі – Бес арыс командасы.


ТІЛЕУЖАН ҚАМЫСБАЙ – «БЕС АРЫС» ҚҰРАМАСЫНЫҢ КАПИТАНЫ

- Арқа даласының төрінде орналасқан Қарағанды университетітнен келіп тұрмыз. Алғашқы ойынды қостанай қаласында болғанбыз. Мінекей биыл республикалық Номад лигасының ¼ ширек финалында өнер көрсетеміз. Бес арыс құрамасы. Ойынға сәттілік тілейміз. Өзімізге сенімдіміз. Дайындығымыз керемет. Көңіл күй жақсы. Бұйрса жақсы жаңалықтарды үмітіміз зор. 


Ойын соңында қазылар алқасы әрбір команданың өнерін жан-жақты саралады. Нәтижесінде Рудный қаласынан келген құрама бас жүлдені иеленіп, теледидар сыйға алды. Ал 2 орын Петропавлдың «Жаймэн» командасына бұйырса, Теміртаудан келген «Ғарыш» командасы 3 орынға лайық деп танылды