Облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті қызметкерлері үш адамнан тұратын топты ұстады. Петропавлдың 33 және 22 жастағы екі тұрғыны, сондай-ақ Қызылжар ауданының 33 жастағы тұрғыны Artemia salina шаянының жұмыртқасын заңсыз аулады деген күдікке ілінді.


Заңсыз аулау Мамлют ауданы аумағындағы Меңкесер тұзды көлінде болған. Оқиға орнынан полицейлер жалпы салмағы 460 килограммды құрайтын 6 қапқа салынған шаян жұмыртқаларын тәркіледі. Жүргізілген сараптама мемлекетке келтірілген зиянды 3 миллион 712 мың теңгеге бағалады. Күдіктілер 6 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.