Өткен аптада қалалық мәдениет үйінің сахнасында «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының қатысушылары есеп беру спектаклін ұсынды. «Біз үшін жылдар маңызды емес» атты туындыда көптеген актерлер жастарына қарамастан сахнаға алғаш рет шықты.
«Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының мүшелері қартаю жайлы тіпті ойламайды да. Жастары егде тартқан жандар үнемі қозғалыс үстінде. Спортпен айналысып, шығармашылықты да шет қалдырмай сахна төрінде өнер көрсетіп жүр.
«Біз үшін жылдар маңызды емес» атты қойылым еңбек демалысына шыққан жандардың бағындыратын асулары әлі мол екені жайлы. Көрерменге зейнетке шығу өмірдің соңы емес, керісінше жаңа кезеңнің бастамасы екенін жеткізкісі келген.
КАРИНА ШВЕГЛЕР, РЕЖИССЕР ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
- Біз спектакльде адам зейнеткерлікке шыққан кезде өмірдің мәнін жоғалтуы мүмкін деген тақырыпты қозғадық. Кейбір егде жастағы адамдар өздерін қоғамға, балаларға жеке тұлға ретінде қажетсіз санап, жалғызсырап қалғандай сезінеді. Бұл әсіресе жұмыс істеп үйренген жандарда байқалады.. Біздің кейіпкеріміз белсенді болғандықтан, зейнетке шыққаннан кейін өзін қалай ұстау керектігін білмейді.
Спектакльге белсенді ұзақ өмір сүру орталығының барлық үйірмелерінің мүшелері қатысып, оларға қалалық мәдениет үйінің басқа да шығармашылық ұжымдары көмектесті. Барлығы 100-ге жуық адам тер төккен.
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жұмыс істеп келе жатқанына 2 жыл болған. Олар қаладағы әртүрлі бағыттағы іс-шараларға үнемі қатысып отырады.