Солтүстік Қазақстанда «Бала шақтан – болашаққа» мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарының 1-ші халықаралық форумы өтіп жатыр. Форум ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеудің тиімді әдістеріне арналды. Қатысушылар тәжірибелерімен бөлісіп, өзекті мәселелерді талқылады.
Бұл «Бала шақтан – болашаққа» мектепке дейінгі педагогтардың 1-ші халықаралық форумы аясындағы үшінші секция. Оған әдіскерлер, тәрбиешілер, менеджерлер, психологтар, логопедтер барлығы 30-дан астам педагог қатысып жатыр.
ДӘМЕШ ШАЯХИНА, «ИВУШКА» БӨБЕКЖАЙ- БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ПЕДАГОГЫ:
- Мен бүгін бөлісейін деп отырған тәжірибемнің тақырыбы
Нейроритмдер мен нейроойындар, мектеп жасына дейінгі балалардың, білімді ерекше қажет ететін балалармен, әлеуметтік коммуникативтік және танымдық дағдыларын дамытудың негізгі құралы болып табылады. Біз осы нейроойындар мен нейроритмдерді күнделікті жұмыс барысында қолданамыз.
«Нұрсәт» балабақшасында педагогтар ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеудің тиімді әдістерімен бөлісетін шеберлік сабақтарын көрсетті. Көрмелер де ұйымдастырылады.
АЙНҰР БЕКМҰРАТОВА – БІЛІМ БЕРУДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ:
-Бұл іс-шараға 30 мектепке дейінгі ұйымның педагогтері қатысып жатыр. Педагогтер іс-шара барысында мастер класстарын көрсетіп және де интерактивті ойындарын көрсетіп, педагогтерді қызықтырып, өз үздік тәжірибелерімен бөлісіп жатыр.
Келесі бөлімде мектепке дейінгі ұйымдардағы цифрландыру талқыланады. 1 қарашада үлкен пленарлық отырыс өтіп, оған көршілес елдердің мұғалімдері де қатысады.