Петропавлда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан нысандар тексерілді. Қазіргі таңда «Орман» және «Береке» шағын аудандарында әрқайсысы 600 орындық екі жайлы мектептің құрылысы жүріп жатыр.


Балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасау басты міндеттердің бірі. Құрылыс барысымен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов танысты. Өңір басшысы «Орман» мен «Береке» шағын аудандарындағы жұмыстарға қарқын қосуды тапсырды.


ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: 

-  Абаттандыру жұмыстары бойынша барлық құжаттарды қайта қарап шығу керек. Жайлы мектеп мердігерлерін кездесуге шақырып, олармен бөлек сөйлесеміз. Қараша айында аяқтаймыз дегенімен, нақты қай күні екені белгіленбеген. Ол уақытқа дейін қар да жауып қалады. Барлық жұмыс дер кезінде аяқталуы тиіс. Оны кестеге сай толтырып шығып, қатыстылардың барлығы оған қол қойып шығуы керек. Жылдамтайық.


Айта кетейік, ұлттық жоба аясында «Жас өркен» және «Қопай» шағын аудандарында 1,5 мың орынды қамтитын екі мектептің құрылысы басталады.