ҚР Тұңғыш Президентінің саябағында Республика күніне орай солтүстікқазақстандықтардың жаппай жүгіру спорттық іс-шарасы өтті. Ұйымдастырушылар "Қоғамдық даму және ақпарат", Жастар даму орталықтары. Жаппай жүгіруге өңірдің түкпір-түкпірінен колледж студенттері келіп қатысты.
"Қозғалыс- бұл өмір!" атты жаппай жүгіру іс-шарасының мақсаты - спорт пен саламатты өмір салтын насихаттау, өскелең ұрпақтың бойына патриотизм рухын дарыту.
ОКСАНА ГОНЧАРЕНКО, "ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ"КММ МАМАНЫ:
- Іс-шарамыздың мақсаты – спорт пен саламатты өмір салтын насихаттау. Жастарды патриотизмге баулу. Таза ауада бейресми жағдайда қарым-қатынас жасау және физикалық күш-қуаттарын артыру үшін тамаша мүмкіндік.
Сайысқа барлығы 80-ге жуық студент қатысты. Олар кем дегенде 2 шақырымға жүгіруі керек болды. Жарыс басталмас бұрын жастар түрлі жаттығулар жасап, денелерін қыздырып алды.
МИХАИЛ АЛИСОВ, ҚАТЫСУШЫ:
- Бүгін Республика күніне орай жаппай жүгіру іс-шарасы ұйымдастырылып отыр. Басты мақсат әрине – саламатты өмір салтын сақтау. Жастар белсенді қатысып жатыр. Көңілден шығуда, жақсы өтіп жатыр.
Мәреге алғаш келген 3 студент дипломдармен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды.