Өңірге жұмыс сапарымен ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров келді. Ол "ҚазТехМаш" машина жасау зауыты " ЖШС және "Alageum Electric" Петропавл электротехникалық зауытында болды.


«КазТехМаш» машина жасау зауыты" ауыл шаруашылығы техникасын құрастырумен айналысады. Мұнда 80 адам жұмыс істейді. Бүгінгі таңда кәсіпорында 25 машинаны құрастыру жұмыстары аяқталуға жақын.


МИХАИЛ ВОЙСКОВОЙ, "ҚАЗТЕХМАШ" МАШИНА ЖАСАУ ЗАУЫТЫ " ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

- "Қазтехмаш" компаниясы campo комбайндарын құрастырумен айналысады. Бізде тек құрастыру ғана емес, сонымен қатар локализация да бар. Яғни, өнеркәсіптік құрастыру жайлы келісімге қол қойылғаннан кейін біз бұл өнімді осында локализациялаймыз. Отандық өнімнің үлесі артып келеді. Сатып алынатын өнімнің құнын 30 пайызын қайтаруға мүмкіндік беретін өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімге қол қойдық.


Бұдан әрі ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров "Alageum Electric" Петропавл электротехникалық зауытында болды. Кәсіпорын электрлі тиімді трансформаторлар шығарады. Өнімнің көп бөлігі экспортқа шығарылады. Зауытта 200-ден астам адам жұмыс істейді.


ЕРСҰЛТАН ШӘМШИЕВ, "ПЕТРОПАВЛ ЭЛЕКТРОТЕХНИКАЛЫҚ ЗАУЫТЫ" ЖШС БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

- Бүгінгі таңда біз ТМ, ТМГ типті трансформаторларды 25-тен 2500 кВА-ға дейін шығарамыз. Кернеу класы 6-10 кв. Жылдан жылға әлеуетімізді арттырып жатырмыз. Бүгінгі таңда біз 5500 трансформатор шығарамыз. Зауыт құрылысы кезінде жеке инвестициялар 10 млрд теңгені құрады. Үйлердің салынуына 3 млрд теңге бөлінді.


Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлеріне арналған 100 пәтерлі үйдің құрылысы аяқталды. Қазір зауытта жұмысшылардың 70% - дан астамы қоныс аударушылар.


Біз қоныс аудару бағдарламасын қолдаймыз. Біз дайын мамандарды өзіміз әкелеміз. 9 қабатты үй бір жыл ішінде салынды. 100 пәтердің 40-ына қоныс аудару аяқталды. Егер азамат тұрғын үй алғысы келсе, мемлекет 1160 АЕК-ке дейін қаражат бөледі.


ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыровтың айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысының инвестициялық әлеуеті зор. Бүгінгі таңда өңірдің аграрлық индустриялық салаға ауысу мүмкіндігі бар.


ӘЛІБЕК ҚУАНТЫРОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Мұнда қажетті мамандар бар. Құнарлы жерлер бар. Біз қазір трансформаторлар өндірісімен тікелей айналысатын "Alageum Electric" өндірістерінің бірінде тұрмыз. Осы зауыт өнімінің 95 % экспортқа шығарады. Біз экономикамыздың құнын арттыру үшін осындай экспортқа бағдарланған өндірістерді дамытуымыз керек.


Айта кетейік, осы жылы облыста жалпы сомасы 51 млрд теңгені құрайтын 17 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда. Осының арқасында өңірде 1 100 жаңа жұмыс орны пайда болады.