Әкімдің отырысында өңіріміздің әлеуметтік экономикалық даму қортындысы мен 9 айдағы бюджеттің кіріс және шығыс бөлігі талқыланды. Сондай-ақ облысмыздың аудандарында қаңтар-қыркүйек айларында атқарылған жұмыстары тыңдалды. Толығырақ тілшіміз тарқатсын.
Облысымыз бойынша 9 ай көлемінде экономикалық өсім 10,020 пайызды құрады. Демек экономиканың негізгі салаларында оң нәтиже байқалғанмен кейбір жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізілмеген. Өңірімізде мал шаруашылығы 0,6 пайызға өскен. Соның нәтижесінде сүт тауарлары 5,6 пайызға өсім көрсеткен. Бұл туралы СҚО әкімдігінің экономика басқармасының басшысы Қуанышбек Қалижанов баянады.
ҚУАНЫШБЕК ҚАЛИЖАНОВ, СҚО ӘКІМДІГІНІҢ ЭКОНОМИКА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
- «Облысымызда ет өндірісінің құлдырауы 9 ауданда байқалуда. Негізгі себептер болып, қолда бар мал саны бойынша статистикалық деректерді өзектендіру бойынша жұмыстар жүргізу болып табылады. Ет өнідірі Қызылжар ауданында 16,5 пайызға, Мамлют ауданында 10,1, Айыртау ауданында 6,8, Уалихан ауданында 6,7 пайызға, Тимиряз ауданында 6,4 пайызға, Тайынша ауданында 4,2 пайызға, Жамбыл ауданында 3,8, Жұмабаев ауданында 2,6, Ғабит Мүсрепов ауданында 2,5 пайызға төсендеген.
Сондай-ақ облыс бюджетінің 9 ай қортындысы бойынша кіріс және шығыс бөлігі де баяндалды. Осылайша облысымздың бюжетіне 89 млрд 475,2 млн тенге жеке табыс толықтырылды. Оның ішінде қалалық және аудандық бюджетке 37 млрд 408,8 млн тенге бөлінді. Бірақ бөлінген қаражатты игере алмау фактілері де көбейген. Осылайша 6 млрд 888 млн тенге игерілмеген.
НАТАЛЬЯ ДЫШКАНТ, СҚО ӘКІМДІГІНІҢ ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
- Сондай-ақ 6 млрд 399 млн тенге республикалық және ұлттық қордан игерілмеген. Соның ішінде жоғары тұрған бюджеттен толықтырылмаған 3 млрд 305 млн тенге. 3 млрд 97,3 млн тенге белгілі себептерге байланысты игерілмеген. 489,9 мле тенге жергілікті қаражаттан бөлінбеген. Бұл жайттардың басты себебі жобаларды дұрыс басқара алмау және мердігер ұйымдармен дұрыс жұмыс жасай алмау болып табылады.
Көп жағдайда бюджетті дұрыс игере алмаудың басты себебі мердігер ұйымдардың салғырттығынан орын алады. Осылайша Петропавл қаласына бөлінген республикалық бюджет қаражатын «Шебер билдинг» мердігер ұйымы жауапсыз компания болып табылып, шарт бұзылған. Бұл тек шаһар басшысы келтірген бір ұйым. Бұл сыңды мердігерлерге заң түрінде шаралар қолдануда.
СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Келесі жауапсыз компания ол «Актив-А» мердігер ұйымы. Олар 102,94 млн тенгені екі жол участкесі бойынша игере алмаған. Сондай-ақ «Риголит» компаниясы белгіленген уақыттан кешігумен келе жатыр. Қазір оларға бюджетті игере алмағандықтан айыппұл салынған. ТМ-5 жылужелілері 215 млн тенгені игере алмағанбыз, қазіргі таңда қаражат төленген, жұмыстар аяқталды.
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов игерілмеген қаражат бойынша жұмыстардың барлығын аяқтауға жыл соңына дейін уақыт берді. Барлық аудан және қала әкімдері өз қармағындағы аудандар бойынша жұмыстарды күшейтіп қараша айының 15-не дейін межелі есеп беруді тапсырды. Егер де игере алмаған болса, жаза қолданатынын ескертті.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СҚО ӘКІМІ:
- Жыл сонына дейін бөлінген қаражатты 100 пайыз игеруді тапсырамын. Құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан обьектердің жұмысын қадағалауды тапсырамын. Мердігер ұйымдармен тиімді байланыс орнатып, белгіленген уақыттан қалмау. Мамлют ауданының әкіміне 15 қарашаға дейін, республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты игеріп, су желілерін жөндеу жұмыстарын аяқтау. Белгіленген уаұыт 15 қараша, егер де жұмыс жасалмаса 16 қараша күні әкімді жазалаңыздар. Уақыт тығыз, сондықтан да ештенеге қарамаңыздар. Қызылжар ауданының әкіміне 15 қарашаға дейін әлеуметтің осал топтарына бөлінген пәтерлерді табыстауды тапсырамын. Сондай-ақ 15 қарашаға дейін Бескөл ауылындағы жабық хоккей кортын салу жұмыстарын аяқтауды тапсырамын.
Облыс әкімі барша аудан және қала басшысына, сонымен қатар барлық басқарма басшыларына жыл сонынан дейін барлық бөлінген бюджетті уақытылы игеруді тапсырды