Облыс орталығында Президенттің тапсырмасы аясында креатив орталығы ашылды. Салтанатты іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат вице – министрі Евгений Кочетов, өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты.


1956 жылы салынған ғимарат алғашында энергия саласы мамандарының мәдениет сарайы болған. Кейін мұнда қазақ театрының ұжымы жұмыс істеген болатын. Бүгінде нысанға күрделі жөндеу жасалып, қайтадан өң кірді. Енді мұнда жастар шығармашылықпен айналысып, тың идеяларын жүзеге асырады.


Креатив орталығы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен бас серіктес - «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржылай қолдауымен жүзеге асырылды.


ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Біз бүгінгі ашылу салтанатына аудан әкімдерін де шақырдық. Себебі, мұндай шығармашылық орталықтары тек облыс орталығында ғана емес, аудандарда да болуы тиіс. Мұнда біздің жастар өздерінің тың идеяларын жүзеге асыра алады. Ол үшін барлық қолайлы жағдай жасалған.


ЕВГЕНИЙ КОЧЕТОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

- Жалпы республика бойынша тоғыз креативті хаб жұмыс істейді. Осыдан бір ай бұрын ғана Алматы облысында кино саласына мамандандырылған креативті индустриялар паркі ашылды. Менің ойымша, бұл нысан дер кезінде ашылды. Себебі, қазіргі таңда елімізде кретаивті индустрияның инфрақұрылымы қарқынды түрде дамып, қалыптасып жатыр.


Креативті индустрия-әлеуметтік саладағы басым бағыттардың бірі. IT және заманауи дизайн сияқты өзекті мәселелерде талантты жастарды қолдау маңызды.


НҰРГҮЛ БОЛАТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ОРТАЛЫҒЫ КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯЛАРДЫ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Онлайн коммуникациялардан басқа, біз офлайн іс-шараларды өткізе аламыз. Олардың ішіне айти, дизайннан бастап бағдарламалау тақырыбына дейін шеберлік сыныптары, конференциялар, форумдар өткіземіз., бағдарламалау, дизайн, бұл медиа-мазмұн. Біз барлығын бірлесе жұмыс істеуге шықарамыз.


Шығармашылық орталықта түрлі бағыттар бойынша 10-нан астам бос уақыт алаңы жұмыс істейді. Әсіресе, айти технологияларын дамытуға ерекше назар аударылмақ. Жалпы ауданы 2 мың шаршы метр болатын креатив орталығы 9 аймақтан тұрады. Әрқайсысының өз атауы мен мақсаты бар.


АНЖЕЛА САДЫҚОВА, «ҚАЗЫНА» КАБИНЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Енді жастар бұған дейін тек елордалық университеттерде ғана қолжетімді болған көптеген кітаптарға, мақалалар мен оқу құралдарына қол жеткізе алады. Бұл да оқимын деген қыз-жігіттерге үлкен мүмкіндік.


Заманауи, соңғы техникамен жабдықталған, жайлы және кең бөлмеде киім дизайны, 3D модельдеу, SMM, коворкинг және басқа да мүмкіндіктер қарастырылған. Мұнда ерекше балалардың мүдделері ескерілген.


ОЛЬГА РОСТОВЩИКОВА, «SENSITIVE» БИ АНСАМБЛІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

- Хореографиялық сынып керекті құрал-жабдықтардың барлығымен жабдықталған. Дамуға тырысатын шығармашыл жастар үшін жақсы жағдай жасалды. Әрине, қуаныштымын.


Өңір басшысы әр шығармашылық алаңда компания өкілдеріне алғыс хаттар табыс етті. Жалпы, орталықта 35 жасқа дейінгі жастар жұмыс істей алады.