Облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Петропавл базарларының бірінде акцизсіз темекі өнімдерін заңсыз сату фактісін анықтады. Жеке кәсіпкердің бутигінен әр түрлі атаудағы 2850 қорап темекі тәркіленді.
Кәсіпкер темекі бұйымдарын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау қағидаларын бұзған. Осыған орай жиналған әкімшілік материал процестік шешім қабылдау үшін облыстық Мемлекеттік кірістер департаментіне жіберілді. Полицейлер мемлекет тарапынан тексеруден өтпеген өнім халықтың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін екендігін еске салады.