Таңғы сағат жетіде облыс бойынша референдум учаскелері ашылды. С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханада №586 референдум учаскесі орналасқан. Референдум учаскесінің ашылуында болған тілшіміз баяндасын.


Референдум учаскесі таңғы сағат 7-де ҚР әнұранымен басталды. Жалпы №586 референдум учаскесіне 1261 адам өз таңдауын жасау үшін тіркелген.


ӘСЕЛ ШАЙХИСЛЯМОВА, №586 УЧАСКЕЛІК РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

-Біздің учаскеде жастары 91 ге келген 3 қартымыз бар. Жалпы ең бірінші, алғаш рет дауыс беруге келген және қарт кісілерге біз сыйлық береміз. Бүгін 15 тұрғын бірінші рет референдум учаскесіне келеді. Кешке дейін барлығы жақсы болып, өз дауыстарын береді деген үміттеміз.


Референдум учаскесіне Валентина Мальцева жарты сағат бұрын ерте келген. Алғашқылардың бірі болып келіп, дауыс бергені үшін де құр қол қайтпады.


ВАЛЕНТИНА МАЛЬЦЕВА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

-Бүгін мен ояна сала таңдау жасау үшін бірден осы жерге ерте келдім. Бір жағынан бір жұмысым аяқталды. Сыйлықта алдым. Оғанда өте қуаныштымын.


Сайлау учаскелері кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.