Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев зейнеткерлер мен ардагерлерді қарттар күнімен құттықтады. Мерекеге орай концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Салтанатты кеште қоғамға үлесін қосып жүрген аға буын өкілдері алғыс хатқа ие болды. Айта кетейік, Петропавлда 44 мыңға жуық зейнеткер тұрады.
Мерекелік концертте қазіргі зейнеткерлердің жас кезіндегі әндер шырқалды. Өткенді еске алған қарттар замандастарымен шүйіркелесіп, бір сәт көңілдері сергіп қалды.
ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
- Әрбір қария – ол біз үшін қазына. Өйткені олар еңбек етіп, тәуелсіздіктің алғашқы жылында қиындыққа мойымай, осы еліміздің өркендеуіне үлес қосты. Және ұрпақ тәрбиеледі. Сол ұрпақтары бүгінде еліміздің көркеюіне еңбек етіп жатыр. Сондықтан, әрбір қартқа біздің құрметіміз шексіз.
Зейнеткерлерді Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев құттықтады. Қарттарға ұзақ ғұмыр тілеп, адал еңбектері үшін алғысын білдірді.
СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Қымбатты қариялар, осы мерекемен сіздерді шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге мықты денсаулық, ашық аспан, шат көңіл тілеймін. Өмір жастарыңыз ұзақ болсын. 0:29 Сіздер әрқашан құрметке лайықсыздар.
Мерекеге орай, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін 3 ардагерге қала әкімінің атынан алғыс хат табыс етілді. Марапатқа ие болғандардың бірі – Зулейха Бикметова. Зейнеткер қазіргі таңда №17 ұлттық өркендеу орта мектебінің бастауыш ардагерлері ұймының төрағасы.
ЗУЛЕЙХА БИКМЕТОВА , №17 ҰЛТТЫҚ ӨРКЕНДЕУ ОРТА МЕКТЕП – КЕШЕНІ БАСТАУЫШ АРДАГЕРЛЕРІ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
- Қарттар мерекесі – бұл аға-буын өкілдері асыға күтетін күн. Себебі, бұл күні әдеттегіден ерекше құрметке бөленеміз. Барлық қариялардың тек бақытты болуларын тілеймін. Концертте мен өзімнің көптеген замандастырымды көріп марқайып қалдым.
Жалпы, Солтүстік Қазақстан облысында барлығы 100-мыңнан астам зейнеткер бар.