Петропавлдағы «Айгөлек» бөбекжай – бақшасында хореографиялық, сурет салу және театрлық шеберлік сынды 3 үйірме жұмыс істейді. Соның бірі- 2017 жылы ашылған «Аяла» биі тобы үйірмесі. Бұл ансамбльдің ерекшелігі - мұнда тәрбиешілер балалармен бірге билеп, өнер көрсетеді.


«Аяла» ансамблінің құрамында 10 тәрбиеші өнер көрсетеді. Үйірме мүшесі Ольга Дворецкая 3 жылдан бері бимен айналысады. Балабақшада жұмыс істеу – оның жүрегінің қалауы.


ОЛЬГА ДВОРЕЦКАЯ, «АЙГӨЛЕК» БӨБЕКЖАЙ – БАҚШАСЫНЫҢ ТӘРБИЕШІСІ:

- Мен декреттік демалыстан шыққан соң бірден балабақшаға жұмысқа орналастым. Бізде қызықты іс-шаралар жиі өтеді. Сондықтан, тәрбиешілер де балалармен бірге өнер көрсетіп, кішкене қызықты форматқа ауысамыз деп шешкен. Бұл өзіме ұнайды. Балақайларға би үйреткен бөлек, ал құрамда өзін билеген тіпті бөлек. Сіздер қазір «аққулар» биін тамашаладыңыздар.


«Айгөлек» бөбекжай-бақшасы соңғы 3 жылдың ішінде республикалық, облыстық деңгейде түрлі іс-шараларды ұйымдастырып келеді. Бүгінде «Аяла» ансамбльінің қоржынында 10-ға жуық би бар.


ҒАЛИЯ СӘРСЕКЕЕВА, «АЙГӨЛЕК» БӨБЕКЖАЙ – БАҚШАСЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ:

- Мысалы, қазіргі таңда біз ұлттық ойындарды дәріптеп жатырмыз. Сол уақытта тоғызқұмалақ Федерациясының төрағасы келді. Сол кезде біздің педогогтер «аққулар» биін билеп шықты. Өткен жылы мұғалімдер күні қарсаңында да вальс биін қойды. Тағы да бір жыл бұрын Дельфие ойындары болды. Сол кезде де біздің «Аяла» би үйірмесі «Сертаки» биін биледі.


 «Айгөлек» балабақшасы 2005 жылы ашылған. Бүгінде мұнда 300-ге жуық бала тәрбие алып жатыр. 40-қа жуық қызметкер жұмыс істейді.