Петропавлдағы №3 өрт сөндіру бөлімі аумағында Төтенше жағдайлар департаменті облыстық жарыс өткізді. Жас құтқарушылар сайысына аудан және қалалық мектептерден келген 20 команда қатысты. Бұл жолы үздіктер іріктеліп, кейін облыс құрамасы республикалық жарыста өңір намысын қорғамақ.


Өрт сөндіру-құтқару спорттық іс-шарасы алдағы Құтқарушылар күніне орай ұйымдастырылған. Басты мақсат, жастарды отансүйгіштікке тəрбиелеу, саламатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ балаларды өрт-құтқару спортымен шұғылдануға тарту. Жарыс 3 кезеңнен тұрды.


ӘДІЛ СПАЕН, ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АПАТТЫҚ ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

- Оқу мұнарасының 2-қабатына көтерілу. Жауынгерлік киімді кию. Сосын жауынгерлік қанат жаю түрлері бойынша өткізіледі. Облыстар арасында жыл сайын сайыстар өткізіледі жарыстар. Оған Солтүстік Қазақстан оқушылар да қатысады. Ертең өткізгеннен кейін біз жақсыларын таңдап, жақсы нәтиже көрсеткен балаларды құрама командаға кіргіземіз.


Асанәлі Жақсыбай «Жас құтқарушы» сайысына осымен 2-ші жыл қатысып отыр. 10-сынып оқушысы жарысқа дайындықпен келген екен.


АСАНӘЛІ ЖАҚСЫБАЙ, АБАЙ АТЫНДАҒЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ҚАЗАҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: 

- Жалпы осы жарысқа бір айдай дайындалдым. Осындай жарысқа бұрын қатысқан болатынмын. Осы жарыстан нәтижем бірінші орын алу. Өзім бірінші орын алу және мектептің атын көтеру. Өзіме және достарыма сәттілік тілеймін. Біз аптасына 3-4 рет осы жаққа келдік. Бәрін қайталадық. Үйрендік. Бізге көмектескен болатын. Арнайы тренерлар бар бізде. 


Сайыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.